Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан сыртқы істер министрлері. Самарқан, Өзбекстан. 19 қазан, 2026 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан сыртқы істер министрлері. Самарқан, Өзбекстан. 19 қазан, 2026 жыл.

Энергетика, сауда және қауіпсіздік. Самарқан саммитінің басты қорытындылары

Өзбекстанның Самарқан қаласында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлерінің және басқа да жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен C5+1 форматында саммит өтті. Жиынға АҚШ-тан 200-ге тарта бизнес өкілі қатысты.

11:14 19.10.2026

Өзбекстан және ғарыш. Ташкент АҚШ бастаған "Артемида келісіміне" қол қойды

Өзбекстан ғарышты бейбіт мақсатта игеру және пайдалану жөніндегі "Артемида келісіміне" қосылған 77-ел атанды. АҚШ бастаған келісімге Өзбекстан атынан елдің сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов қол қойды.

"Артемида келісімі" 2020 жылғы 13 қазанда, АҚШ президенті Дональд Трамптың бірінші мерзімінде іске қосылған. Ол кезде оған АҚШ-тан бөлек Австралия, Канада, Италия, Жапония, Люксембург, БАӘ және Ұлыбритания қол қойған.

10:49 19.10.2026

АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстан сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 19 қазанда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездеседі. Қазір Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен кездесу өтіп жатыр. Одан кейінгі кезекте – Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Күн барысында Рубио Орталық Азия сыртқы істер министрлерімен бірге отырыс өткізеді, содан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездеседі.

Самарқанға Рубиомен бірге 200-ге тарта америкалық компанияның өкілдері келгені айтылады. Министрлермен кездесу алдында ол Регистан тарихи алаңына барды.

09:55 19.10.2026

Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды

Өзбекстанда іс-сапарда жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Самарқандағы Регистан алаңына барды. Бұл туралы Азаттық тілшісі Алекс Рауфоглу хабарлады.

"Рубио Самарқандағы күнін Регистандағы танымал алаң, Өзбекстанның бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін ескерткіш – Регистанға барды. Іс-сапар АҚШ пен Өзбекстанның Орталық Азиядағы әріптестігін нығайту аясында өтіп жатыр" деп жазды ол.

Күн барысында Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған.

23:37 18.10.2026

Сержио Гор Traxys, Starlink, Air Products өкілдерімен кездесті

АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Сержио Гор мемлекеттік хатшының Самарқанға сапары қарсаңында америкалық ірі компаниялардың өкілдерімен кездескенін айтты.

"Мемлекеттік хатшы Рубио бастаған АҚШ-тың тарихи коммерциялық миссиясына америкалық компаниялар қосылып жатқанына қуаныштымын. Бүгін таңертең Traxys, Starlink, Air Products және басқа да бірқатар компания өкілдерімен нәтижелі келіссөз жүргіздік. Кездесуде маңызды минералды ресурстар, энергетикалық байланыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Біз АҚШ пен Өзбекстан арасындағы серіктестікті одан әрі нығайта береміз", — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Тағы

​
XS
SM
MD
LG