Аушвиц-Биркенау лагері совет тарихнамасында поляк ауылының атауымен Освенцим деп аталды. Лагерь 1940 жылдың сәуір айында құрылған.
Қысқы Освенцим
Азаттықтың Орыс редакциясының корреспонденті Аушвиц-Биркенау мемориалдық кешенінде болып қайтты.

1
Кірер қақпадағы "Жұмыс бостандық береді" деген жазу.

2
1942 жылы Аушвиц лагерінде 20 мың адам болды. Мұнда түскен тұтқындардың 80 пайызы алғашқы үш айда өліп қалатын.

3
Жаңа түскен тұтқындардың заттары: тіс щеткалары, көзілдіріктері, т.б. дүниелері тәркіленіп, алтын тістері болса, жұлынатын. Оларды қайта балқытып, құймаларға айналдырып отырған. Бұл заттарды тұтқындар өз араларында “Канада” атап кеткен қоймаларға іріктеп жинайтын.

4

5
Освенцим лагерінде адамдарды жаппай улап өлтіретін газ тұңғыш рет 1941 жылы қыркүйектің 3-і қолданылған.

6
Газ камераларына кейде 1700 адамға дейін қамалып, уланатын. Олардың мәйіттерін пешке өртейтін.

7
Тұтқындардың киімдерінде түрлі белгілер болған: еврейлердікі - сары үшбұрыш, Иегов куәгерлерінікі – күлгін, саяси тұтқындардікі – қызыл, гомосексуалдардікі – раушан гүлі түстес ұшбұрыш болған.

8

9
Лагерлерде доктор Йозеф Менгеле мен оның әріптестері адамдарға медициналық тәжірибе жасаған.

10

11

12
Освенцим лагерлерінде 1,1 миллион адам: еврейлер, сығандар, венгрлер, Совет Одағы азаматтары өлген.

13

14

15

16

17

18

19
Лагерлерді Қызыл армия жасақтары 1945 жылы қаңтардың 27-сі азат етті. Бұл кезде мұнда тек жеті мың тұтқын қалған еді.

20
Освенцим лагерінен тек 300 адам қашып шыққан.

21
Адам қашып кеткен жағдайда ол тұрған барактағы барлық тұтқындарды атып тастайтын.

22

23
ПІКІРЛЕР