Шыңғыс Айтматовтың әкесі Төреқұл Айтматов сталиндік репрессияға дейін Ошта үш жыл Араван аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Сол кезде 4-5 жастағы болашақ жазушы №1 балабақшаның тәрбиеленушісі болған. Балабақша ұжымы Азаттықтың Қырғыз қызметі тілшілеріне есімі әлемге танымал қырғыз жазушысының өмірінен сыр шертететін сирек фотосуреттерді көрсетті.
Шыңғыс Айтматов пен Ош қаласы
Әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Атматовтың балалық шағының бір кезеңі Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында өткенін біреу білсе, біреу білмейді.

1
Шыңғыс Айтматов әкесі Төреқұл Айтматов және анасы Нағима Айтматовамен бірге.

2
Төрт жасар Шыңғыстың (төменгі қатарда сол жақтан бесінші) балалар және тәрбиешілермен бірге түскен суреті. Ол балабақшадағы санаулы қырғыз балаларының бірі болған. Ол кезде бұл балабақшадағы тәрбиеленушілердің дені орыс балалар еді.

3
Шыңғыс Айтматов барған Оштағы №1 балабақша тәрбиешісі.

4
Жазушының ата-анасы Төреқұл және Нағима Айтматовтар.

5
Өзі тәрбиеленген балабақшаға Шыңғыс Айтматовтың жолдаған жеделхаты.

6
Шыңғыс Айтматов ұлы Елдармен.

7
Жазушы қызы Шырынды атқа мінгізіп тұр.

8
"Ақ кеме" фильмінің түсірілімі.

9
"Ақ кеме". Нұрғазы мен Момын ата.

10
Жазушы Шыңғыс Айтматов.