Майдандағы «халық жиыны»
1 маусым күні Киевтегі Тәуелсіздік алаңында (Майдан незалежности) өткен «халық жиынына» («вече») үш мыңға жуық адам қатысты. Бокстан әлемнің экс-чемпионы, Киевтің жаңадан сайланған мэрі Виталий Кличко тұрғындарға «билік алаңды тазарту қажеттігіне жұртты көндіруге тырысады, бірақ күш қолданбайды» деп уәде берді. Бұған дейін Майданнан кетуден бас тартқан адамдар ол жерде автокөлік дөңгелектерін өртеп, алаңдағы шатырлар мен баррикадаларды бұзуға қарсылық білдірген еді.