Севастопольдегі «Тавриялық Херсонес» музей-қорығына қатысты жаңа дау шықты: 2017 жылдың қаңтарында Қырым епархиясы (Мәскеу патриархатына қарайды) қорықты өз қарамағына беруді сұраған. Қырымдағы бұл музейді Севастополь округінің православ діни қызметкері Сергий (Халюта) протоиерей аннексиядан кейін, 2015 жылы бір апта уақыт басқарған еді. Сергий протоиерей енді музей-қорықтың кем дегенде 24 нысаны шіркеу қарамағына өтуін сұрап отыр. Ол "шіркеу осы арқылы Ресей заңдарын орындайды" дейді. Азаттықтың Қырым қызметінің фотогалереясы.
Тарих пен діннің арасындағы «Тавриялық Херсонес»

1

2
Музей-қорықтың ғылыми хатшысы Наталья Гинькуттің сөзіне қарағанда, мұның алдында епархия музейдің 24 нысанын құжаттары дұрыс болмай, қарамағына ала алмай қалған.

3
Епархия өзінің талаптарында Ресейдің 2010 жылы шыққан мемлекет немесе муниципалдық құрылым меншігіндегі шіркеу мүлкін қайтарып беру туралы № 327 федералдық заңына сүйенеді.

4
Украина ғалымдары мұндай әрекеттерге қарсы. Олар музейді шіркеуге беру оның қауіпсіздігіне, сақталуына зиянын тигізеді деп санайды.

5
Украина ғалымдарынан бөлек, Ресей ғалымдары музей-қорық ЮНЕСКО мәдени мұрасы деген мәртебесінен айырылып қала ма деп алаңдайды.

6
«Тавриялық Херсонес» әлемдік мұралар тізіміне 2013 жылы ЮНЕСКО комитетінің Камбоджода өткен 37-сессиясында қосылған еді.

7
ЮНЕСКО қызметкерлерінің музей-қорыққа кіре алмай отырғандарына үш жылдай болды. Ұйым Қырым аннексиясынан кейін түбектегі нысандарына бақылау жүргізе алмай қалды.

8
Музей-қорық федералдық меншікке 2015 жылы қазан айында өтті. Оны дамыту жұмыстары Ресей мәдениет министрлігіне тапсырылды.

9

10
2015 жылы шілде айында Севастопольдің Ресей тағайындаған губернаторы Сергей Меняйло музей-қорықтың бұрынғы директорын жұмыстан шығарып жіберіп, орнына Сергий (Халюта) протоиерейді қойған еді. Бірақ музей қызметкерлері оның кандидатурасына қарсы болып, діни қызметкердің қол астында жұмыс істеуден бас тартты.

11
Тағайындалған протоирей қоғамдық пікір қысымына қалып, жаңа қызметінен бас тартты.

12
Жаңа басшылықты тағайындаудан дау шыққан соң Ресей президенті Владимир Путин музей-қорықты "федералдық меншікке" өткізу ісін тездетуді тапсырған еді.

13

14
Егер музей-қорық шіркеу қарамағына өтетін болса, жергілікті билік оған қатысты бірде-бір шешімге ықпал ете алмайтын болады.

15
«Тавриялық Херсонес» музей-қорығын алғысы келіп отырған Қырым мен Симферополь епархиясы әлі Мәскеу патриархатына қарасты Украина православ шіркеулері тізімінде тұр.
ПІКІРЛЕР