Найроби – Африканың шығысындағы елдердің ішіндегі ең қарқынды дамып келе жатқан Кенияның астанасы. Мұнда төрт миллионға жуық адам тұрады. Олардың жартысына жуығы - лашықта тұратын кедейлер. Бұл аудандарда жұмыссыздық 40 пайызға дейін жетеді. Тұрғындардың көбі тонаушылықпен, жезөкшелікпен, есірткі сатумен күн көреді.
Найроби лашықтары

1
Кенияда жезөкшелік күнкөріс тәсіліне айналған. 20 жастағы Элис (сол жақта) 15 жасында бала тапқан. Күйеуі ұлы дүниеге келгеннен көп ұзамай атыста қаза тапқан. Күн көру үшін ол жезкөшелікпен айналысып кеткен.
Элистің қасында 17 жастағы Клэр отыр. Оның жезөкшелікпен айналысқанына үш жыл болған. Бірақ ол өзі туралы айтудан бас тартты.
Элистің қасында 17 жастағы Клэр отыр. Оның жезөкшелікпен айналысқанына үш жыл болған. Бірақ ол өзі туралы айтудан бас тартты.

2
Кедейлер тұратын аудандардағы жұрттың көбі қылмысқа бейім, мұнда көп үйде "чаанга" ішімдігін жасайды. "Чаанга" суахили тілінде "тез өлім" деген мағына береді.

3
"Чаанганы" жүгеріден жасайды. Оған "сорго" деген шөп пен авиациялық керосин қосады. 300-400 миллилитр ішкеннен кейін адам есінен танып, құлап қалады.

4
Бірақ Кенияда ондай ішімдік жасауға тыйым салынған. Полицейлер кедейлер тұратын аудандарды аралап, "чаанга" жасайтындарды ұстауға тырысады. Суретте полиция күдіктілерді ұстап жатыр.

5
Кенияда ондаған қылмыстық топтар бар. Бейбіт тұрғындар кейде олардың арасындағы атыстардың құрбаны болып жатады. Мына бір жігітке жергілікті "Макадера" қылмыстық тобы шабуыл жасаған.

6
Кения – Ұлыбританияның бұрынғы колониясы.

7
Кения тәуелсіздігін 1963 жылы жариялаған. Халықтың 78 пайызға жуығы христиан дінін ұстанады.

8
Кедейлер аудандарында мұндай картинаны жиі көруге болады. Олар бір-біріне есірткі егіп отыр.

9
Кения үкіметі ақпаратына қарағанда, елде 600 мың заңсыз қару бар. Кедейлер аудандарындағы тұрғындар өздерін қорғау үшін қаруланып алады. Кейбір мардымсыз даудың өзі мұнда атыспен аяқталуы мүмкін.

10
Бұл елде адам көп ұрланады. Ақпараттарға қарағанда, мына бір адамды жүйткіп келе жатқан көліктен лақтырып кеткен.

11
Кения тұрғындары полиция қылмысты тоқтата алмай отыр десе, полицейлер тұрғындардың қылмысты тым көп жасайтынын айтады.

12
Найроби базарында полиция атып тастаған ер адамды жерлеуге апара жатыр.

13
Кедейлер ауданындағы аспаз.

14
Бұл аудандардағы лашықтар қоқыс заттары мен ұрланған материалдардан салынған.