Қазақстанның оңтүстігінде қызғалдақ гүлдеді. Қызғалдақтың отаны деп есептелетін Қазақстанда бұл гүлдерді "жауқазын" деп те атайды. Жамбыл облысы аумағында Қаратау сілемдеріндегі қызғалдақтар беткейде өседі.
Тау жотасындағы гүлдерді көру үшін Берікқара шатқалынан өрлеп бірнеше шақырым жаяу жүру керек болады. Осындағы грейг қызғалдағы, кауфман қызғалдағы және басқа да жойылу қауіпі төнген өсімдіктерді зерттеп, тамашалауға халықаралық биологиялық ұйымдардан мамандар мен шетелден туристер де келіп тұрады. Соңғы жылдары бұл гүлдердің жаңа түрлері де белгілі бола бастады.
Қазақстандағы жауқазындар Еуропаға тараған қызғалдақтың төркіні деп есептеледі. Елде қорғауға алынған қызғалдақ түрлерін жұлғандар Қылмыстық кодекстің өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлеріне зарар келтіргені үшін бабымен сотқа тартылады. Кінәлілерге айыппұл салудан бастап үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қаратаудағы түрлі-түсті жауқазын

1
Берікқара шатқалында тау етегінде өскен грейг қызғалдағы.

2
Биікке өрлеген сайын қызғалдақтар да түрленіп шыға келеді.

3
Беткейдегі түрлі-түсті қызғалдақ.

4
Жапырағы ірі рауғаш арасында өскен гүлдер.

5
Тастаққа өскен қызғалдақ.

6
Қызыл, сары қызғалдақтар.

7
Жаңадан бүр жарған гүл.

8
Тау беткейіндегі қызғалдақ.

9
Сары және қызыл түсті жауқазын.

10
Тастақта өскен гүлдер.

11
Тас түбіндегі қызғалдақ.

12
Жартас түбінде өсіп тұрған жауқазын.

13
Күннің көзі ашық кезде гүлдің қауызы да толық ашылып ерекше көрініс береді.

14
Қауызын енді ашқан гүлддер.

15
Күн жарығы азайғанда гүлдің қауызы жабыла бастайды.

16
Тас түбіндегі шайыр мен гүл.

17
Гүл қауызы жабылар алдындағы күн батқаннан кейінгі көрініс.
ПІКІРЛЕР