Accessibility links

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу мәселесі әлі пікірталас тудырып отыр


Қарағандылық оқушы Зәбира Омарованың қазақ кирилл әліпбиінің негізінде ойлап тапқан шифрының диаграммасы. Қарағанды, наурыз, 2009 жыл.
Қарағандылық оқушы Зәбира Омарованың қазақ кирилл әліпбиінің негізінде ойлап тапқан шифрының диаграммасы. Қарағанды, наурыз, 2009 жыл.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады.


Латын әліпбиіне қатысты талқылауды тыңдаңыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:12:31 0:00
Жүктеп алу


Бірқатар лингвистер латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде көшу қажет дейді. Олар түркі халқы үшін ортақ әліпбидің болуы - ақпарат алмасуда және ағылшын тілін үйренуде жеңіл болады деп есептейді. Алайда кейбір ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері көне түркі жазбасына көшуді ұсынады. Олардың айтуынша, көне түркі жазбасы - қазақтың төл жазбасы.

Әлеуметтанушылар латын әліпбиіне көшу туралы мәселе көтерілген уақыттан бастап бұл мәселені зерттей келе, халық арасында сауалнама жүргізген. Олар сауалнама барысында латын әрпіне көшуге тұрғындардың 45 пайызы қарсы болса, тек 11 пайызы ғана қолдау танытты дегенді айтады.

Алайда лингвистер шетелде 5 миллионға жуық қазақ тұрып жатқанын ескере келе, олармен тығыз байланыс орнату үшін латын әрпін үйренген жөн дейді.

Лингвист Шерубай Құрманбайұлы латын әрпіне көшудің өз қиындықтары болғанымен, ол уақытша құбылыс дей келе, латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айтады. Оның айтуынша, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады.
XS
SM
MD
LG