Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде 200-ге жуық кәсіпорын мен мемлекеттік мекеме 1300-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге жұмыссыз ретінде тіркелген 3500-ге жуық адам шақырылған. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалы әйелдер және сот үкімімен түзеу орындарында жазасын өтеп шыққандар да бар. 18 сәуір 2015 жыл.
Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесі

1
Еңбек жәрмеңкесінде жұмысқа жолдама алу үшін кезекте тұрған адамдар.

2
Еңбек жәрмеңкесінде құжат толтырып отырған ер адам.

3
Еңбек жәрмеңкесінде отырған жастар.

4
Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалы әйелдер және сот үкімімен түзеу орындарында жазасын өтеп шыққандар да болды.

5
Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген екі қыз аналарымен бірге жұмыс жайлы ақпаратпен танысып жатыр.

6
Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген мүмкіндігі шектеулі 26 жастағы Оксананың бүгін жолы болып, ол қаладағы мектептердің біріне вахтер болып орналасты. Шымкент, 18 сәуір 2015 жыл.

7
Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендер жұмыс берушілердің өкілдерімен сұхбаттасып жатыр.

8
Жергілікті билік өкілдерінің дерегі бойынша, Шымкентте тұрғындардың 6,1 пайызы жұмыссыз.