Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында «Табиғат әлемі балалардың көзімен» атты байқау өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық экологиялық орталықтың ұйымдастырған мәдени шара үш күнге жалғасты. Оған 5-10 сыныпта оқитын 300-ден аса оқушы қатысып, жеті номинация бойынша бақ сынады. Жеңімпаздарға теледидар, планшет, смартфон, фотоаппарат және Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының арнайы дипломдары табыс етілді. Шымкент. 20-қараша, 2015 жыл.
Оқушылар шығармашылығы байқауы

1
Замандастарының өнерін тамашалап тұрған жас қыздар.

2
Кепкен гүлшоғырлар жиынтығы номинациясында үздік деп танылған жұмыс.

3
Гүлшоғырлар жиынтығы номинациясында жүлделі үштікке енген жұмыс.

4
Қазіргі кездегі экология мен ауыл тіршілігін бейнелейтін сурет.

5
Байқоңырдағы зымыран апаты балалар көзімен.

6
"Экология балалардың көзімен" байқауына қойылған сурет.

7
Байқауда бірінші орынға ие болған жұмыс.

8
Байқауға ұсынылған 300-ден аса жұмыстың ішінде әртүрлі дәнді дақылдарды пайдаланып жасалған жұмыстар да кездесті.

9
"Экология балалар көзімен" номнациясында қазылар алқасы бірінші орынға лайық деп тапқан сурет.

10
"Экология балалар көзімен" номинациясында сынға түскен суреттердің бірі.

11
Байқауға Шардара ауданынан қатысқан 9-сынып оқушысы Толжан Ағайдаров жасаған көбелек.

12
Оқушылар әзірлеген қолөнер бұйымдарын тамашалап жүрген көрермендер.

13
О.Тайманов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы С.Жүсіпбековтің жасаған бұйымы.

14
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тамашалап жүрген көрермендер.

15
Байқау әділ өтуі үшін оған қатысушылардың жұмысы авторлардың аты-жөнімен емес, реттік нөмірлермен белгіленген.

16
"Табиғат әлемі балалар көзімен" облыстық байқауы жеңімпаздарына табыс етілген сыйлықтар.