Cтатистика агенттігінің дерегі бойынша, Қазақстан халқының 51,9 пайызын (8 миллион 632 мың) әйелдер құрайды. Азаттық радиосы 8 наурыз мерекесі қарсаңында әр түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншіктердің арман-тілектерін білген еді.
Қазақстандық қыз-келіншектердің арманы

1
18 жастағы флорист Эльмира Сүйімова халыққа сапалы қызмет көрсететін клиника ашуды армандайды. Алматы, 6 наурыз, 2013 жыл

2
Төрт баланың анасы, көше тазалаушы 26 жастағы Базаргүл Алиярованың арманы тезірек жер алып, үй салу. Алматы, 2 наурыз, 2013 жыл

3
20 жылдан бері ит үйретумен айналысатын 35 жастағы Жанар Садуақасова үшін кинолог мамандығынан артық кәсіп жоқ. Алматы, 6 наурыз, 2013 жыл

4
Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория студенті 26 жастағы Ақбота Жұмаханова атағы жер жарған опера әншісі болуды армандайды. Алматы, 2 наурыз, 2013 жыл

5
Үй шаруасындағы әйел 31 жастағы Назгүл Мұңайтпасова балаларына балабақшадан орын тауып, тезірек жұмысқа шыққысы келетінін айтады. Алматы, 02 наурыз, 2013 жыл

6
Алты бала тәрбиелеген тігінші Дариға Есімбетова (54 жаста) жұрт ұлттық киімдерді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киетін киімге айналдырса деген тілек білдіреді. Алматы, 6 наурыз, 2013 жыл

7
Университет оқытушысы, екі баланың анасы 27 жастағы Динара Қиялова ұлының тар пәтерде емес, жер үйде асыр салып ойнағанды армандайтынын айтады. Алматы, 2 наурыз 2013 жыл

8
29 жастағы суретші-дизайнер Сәлима Кенжеқұлова ұлттық киім тігетін жеке компания ашуды армандайды. Алматы, 6 наурыз, 2013 жыл

9
Бос уақытында сатушы болып жұмыс істейтін 20 жастағы студент Анар Құрбан білікті фельдшер болғысы келеді. Алматы, 2 наурыз, 2013 жыл