Accessibility links

«Өкіл қайын ата» оқырмандарға қалай жетеді?


Көптеген елдердің өз Әлиевтері болған. Тіпті, мақтауын асырып жүрген Америка және Англия сияқты елдерде де. Олардың да өз Назарбаевтары болды. Сонымен барлығын ретімен айтып, әңгіменің түйініне көшсек.

Қазақстан билігі Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабына қол тигізген азаматтарының барлығын жазалаймыз деп уәде берді. Кітапқа тыйым салудың қандай заңдық негіздері бар және мұндай бастамалар Құрама Штаттар мен Ұлыбританияда қалай жүзеге асты?

Кітапқа тыйым салудың бір заңды тетігі – Қазақстанда 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы бірінші президентінің иммунитеті» туралы заң болуы мүмкін.

Бұл заңға сәйкес, мемлекетке сатқындық жасағаннан басқа жағдайда, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік міндетін атқаруымен байланысты әрекеттеріне жауап бермейді деп атап көрсетілген.

Бұл заңда, сонымен бірге, президенттің тұрғын жайы мен қызметтік ғимараттарын, жүгі мен ресми және жеке көліктерін, хат-хабарлары мен президент пайдаланатын барлық техникалық құрал-жабдықтар мен коммуникация құралдарын ешкім тәркілей алмайды делінген.

Рахат Әлиевтің кітабына байланысты жағдайда, бұл заң кітапқа салынған тыйымның орындалуын, сонымен бірге тыйым салынған шығармадан цитата келтіруге, одан алынған ақпаратты талқылап, пайдалануға байланысты мәселелерді бақылайды.

Аталған жағдайда, Қазақстанда болып жатқан оқиғаны, әр кездерде Америка мен Британияда болған жағдайлармен салыстыра қараған қызықтырақ болатындай. Қазіргі заңдарға сәйкес, бұл елдерде кітапты оқуға және одан да сорақысы, оған қол тигізуге байланысты кез-келген тыйым - қай сотта болсын жеңіліс тауып келген.

Құрама Штаттардың Жоғарғы сотында 1931 жылы болған сот порцесі кезінде мына мәселелер нақты нақтыланды. Оған сәйкес, арнайы бірнеше жағдайлардан басқа кездерде, кітаптың жарыққа шығуына үкіметтің тосқауыл жасауы Конституцияға қарама қайшы болып табылады.

Жоғарғы Сот, сол кезде, Америка үкіметінің баспасөз бен баспаларға қайсы жағдайды жазуға болады, қайсысын болмайды деген тұрғыдағы кез-келген әрекетіне байланысты арнайы ескерту жариялады.Сот үшін журналистердің сөз бостандығын асыра пайдалануы, фактологиялық қателіктерге жол беруі, тіпті жала жабуы сияқты мысалдармен салыстыра қарағанда, бұл үлкен қателік болып есептеледі.

АҚШ Жоғарғы сотының үкіміне сәйкес, ол мақаланың немесе кітаптың шындыққа сай келуі маңызды емес. Онда мемлекеттік шенеуніктердің атына шындыққа жанаспайтын айыптар тағылып жатса да маңызды емес. Мұндай жағдайда, жазушы, журналист немесе баспагер өзінің жазғандары үшін мақала немесе кітап жарыққа шыққан соң ғана жауапты болады.

Бір сөзбен айтқанда, тек арнайы бір жағдайларда болмаса, мемлекеттегі бір де бір қызметкер кітаптың жарыққа шығуына кедергі бола алмайды. Мұндай жағдайлардың бірі ретінде соғыс кезеңін айтуға болады. Соның өзінде де, жарияланғалы отырған ақпарат елдің қауіпсіздігіне, соғыс алаңындағы оның азаматтары мен әскери қызметкерлеріне зияны тиеді деген соттың шешімі болуы керек.

Құрама Штаттар, егер онда зорлық-зомбылыққа немесе қазіргі билікті қарулы күшпен құлатуға шақыратын үндеулер болса, онда ол ақпаратты жарыққа шығаруды тоқтатады.

1971 жылы президент Никсонның әкімшілігі «Пентагон құжаттары» деп аталатын газет мақалаларының жарыққа шығуын тоқтатпақ болды. Онда АҚШ-тың 1945-1967 жылдар аралығында Вьетнамда жүргізген әскери және саяси қызметі туралы Қорғаныс министрлігінің аса құпия есептері бар еді.

Алғашында Никсон әкімшілігі журналистердің қолына түскен аса құпия құжаттарды «Нью-Йорк Таймс» газетінің жарияламауы туралы сот қаулысының шығуына қол жеткізген. Бірақ, «Нью-Йорк Таймс» газеті «Пентагон құжаттары» енді тарихтың еншісінде, сондықтан ол туралы қоғам білуі керек деп қарсылық білдірді.

Жоғарғы сот газетті жақтап, алғашқы сатыдағы соттың қаулысын бұзды. Бұл құжаттарды неліктен жариялауға болмайтынын үкімет дәлелдей алмады деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Бұған ұқсас жағдай Висконсиндегі «Прогрессив» журналында «Сутегі бомбасы және біз не үшін ол туралы айтамыз» деген мақала жарияланар кезде орын алды.

Бұл кезде де мақаланы жариялауға тыйым салатын сот қаулысы шығып, ол жарты жылға дейін күшінде болды. Америка үкіметі бұл мақала бұрын еш жерде жарияланбаған сутегі бомбасын жасау туралы құпияны ашады деп мәлімдеді.

Бірақ, мақаланың өзі кішкене қалашықтың кітапханасындағы, бұрын жарияланған материалдардың негізінде жазылған еді. Олардың ішінде: физика пәнінің оқулығы мен энциклопедиядағы мақалалар, құпия мемлекеттік құжаттар және сарапшылармен жүргізілген сұхбат бар.

Бұған ұқсас тағы бір жағдай Ұлыбританияда, британия парламенті Құпиялардың Ресми Актілері деп аталатын бірнеше заңдарды қабылдаған кезде орын алды. Бұл оқиға 1985 жылы, МИ-5 құпия қызметінің бұрынғы қызметкері Питер Райт Австралияда өзінің өмірбаянын жариялаған кезде болды.

Британ үкіметі Англияда бұл кітапқа тыйым салды. Сөйтіп, Райттың шығармасы бүкіл әлемге жарнамаланды. Ағылшын газеттері Райттың кітабы туралы жазуға әрекеттенді. Бірақ, сот олардың аузын аштырмады. Бірақ, бәрібір бірнеше газет тыйым салынған кітапта көтерілген мәселелер туралы жаза бастады.

Сот олардың соңына түсті. Кейінірек бұл газеттерге қарсы тағылған айыптардың барлығы алынып тасталды. Бұл кезде Райттың өмірбаян кітабы Шотландия мен Ұлыбританиядан тысқары жерлерде ашық сатылымға түсе бастайды.

Бұл кітапқа Австралияның өзінде тыйым салу туралы Британияның әрекеті 1987 жылы сот арқылы кейін қайтарылды. Ал бір жылдан соң, бұл кітап шетелде жарияланғаннан кейін оның ешқандай құпиялылығы қалмайды деген сот шешімінен соң, Райттың өмірбаянын Англияның өзінде сатуға рұқсат берілді.
XS
SM
MD
LG