1750-1813 жылдары өмір сүрген Бекет ата Маңғыстау, Атырау, Үстірт аймағында медресе-мешіттер салған. Ол салған мешіттердің бірі Оғыландыда (Бекет ата сонда жерленген), екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал маңында делінеді. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Бекет ата жер асты мешіті тарихи орнына сапар алдымен Шопан ата мешітіне зиярат етуден басталады.
Бейнеудегі Бекет ата мешіті

1
Шопан ата мешітіне зиярат етуге келген жас отбасы.

2
Зияратшылар Шопан ата мен оның қызы жерленген мешітке бас сұғып, дұға бағыштайды.

3
Шопан ата қорымы мен жер асты мешітіне кіре берістегі ескерту жазу.

4
Бекет ата барар жол Оғланды алқабы арқылы өтеді.

5
Тау етегіндегі Бекет ата жер асты мешітіне дейін бір шақырымнан астам жол жүру керек.

6
Бекет атаның Бейнеудегі жер асты мешіті.

7
Бекет атаға зиярат етіп келушілердің легі жыл бойына азаймайды.

8
Зиярат ете келген адамдар демалып отыр.

9
Бейнеудегі мешіттің шырақшысы Қалымбет Тасов намаз оқып тұр.