Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
28 шілде - 3 тамыз
3 тамыз 2014 жыл, 13:33
Азаттық 28 шілде - 3 тамыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
28 шілде күні Гаагадағы халықаралық сот Ресейді ЮКОС мұнай компаниясының активтерін заңсыз иеленді және халықаралық Энергетикалық хартияны бұзды деп танып, бұл елді компанияның бұрынғы акционерлеріне 50 миллиард АҚШ долларын төлеуге
міндеттеді
. Ресей билігі 2003 жылы ЮКОС-ты "салық төлемеді" деп кіналап, компания президенті әрі негізгі акционері болған Михаил Ходорковскийді "алаяқтық жасады" деген айыппен соттады. Ол абақтыдан 2013 жылдың желтоқсанында босап шықты. Ходорковский сотталған соң ЮКОС активтері "Роснефть" компаниясының иелігіне өтті.
Суретте: ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы әрі негізгі акционері Михаил Ходорковский.
2
29 шілде күні Азаттыққа психиатриялық диспансерге күшпен жатқызылған балқаштық адвокат Зинаида Мухортоваға күмәнді укол салу тоқтатылғанын сіңлісі Наталья Абент хабарлады. Абент өткен аптаның соңында «ауруханаға барғанымда әпкемнің беті ісіп кеткенін, теңселіп әрең жүргенін байқадым» деген еді. Парламент депутатының үстінен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа шағым жазған адвокатқа қатысты қылмыстық іс бірнеше жыл бұрын қозғалған. Кейін Мухортованы «сандырақтау» диагнозы негізінде босатып, психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде бірнеше мәрте емдеуге жіберді. Бұл істің мән-жайын
«Жария болып кеткен соң Мухортоваға екпе салу тоқтатылды»
мақаласынан біле аласыз.
3
АҚШ шілденің 29-ы күні Ресейдің Украинадағы әрекетіне жауап ретінде осы елдің үш банкі мен кеме құрастыратын бір компаниясына қарсы санкция жариялады. Сол күні Еуропа Одағы да Ресейдің тағы үш компаниясы мен сегіз азаматына қарсы санкция салатынын мәлімдеді. Батыс елдері Ресей Қырымды аннексиялаған наурыз айынан бері бірнеше дүркін санкция жариялады. Толығырақ мәліметті
«
Ресейге қарсы санкциялар күшейе түсті
»
мақаласынан біле аласыз.
Суретте: Большевиктер көсемі Владимир Ленин ескерткіші жанындағы санкцияға іліккен ВТБ банкінің логотипі (Мәскеу).
4
30 шілде күні «Аңыз адам» журналы тағы жазаға тартылды. Бұл жолы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Гитлер туралы жазған журналдың бас редакторы (15 айлық есептік көрсеткіш) мен құрылтайшысын (70 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл төлеуге кесіп, даулы мақалалар жарияланған нөмірді тәркілеуге үкім етті. «Аңыз адам» журналы мен оның бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың басына түскен шырғалаңның жай-жапсары хақында
«Аңыз адам» үшінші рет жазаға тартылды»
мақаласынан оқуыңызға болады.
Суретте: "Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай соттан шығып тұр. Алматы, 28 шілде 2014 жыл.
5
Италияның жоғарғы кассациялық соты 30 шілде күні қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуаның Қазақстанға депортацияланғаны "заңсыз болды" деген
шешім шығарды
. Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызы Қазақстанға 2013 жылы маусымда Италиядан әкелінді. Кейінірек Италия үкіметі бұл депортацияны заңсыз деп мәлімдеді. Сәуір айында Италия Әблязовтің әйелі мен қызына босқын мәртебесін берді.
Бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты Қазақстан үкіметі "экономикалық қылмыстар жасады" деп айыптайды. 2013 жылы маусымда Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған Әблязов қазір сол елде қамауда отыр. Ол тағылған айыптың саяси астары бар деп мәлімдеген.
Суретте: Алма Шалабаева Рим қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. 27 желтоқсан 2013 жыл.
6
30 тамыз күні Ақтау соты жаңаөзендік белсенді Роза Төлетаеваның Атыраудағы колониядан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы арызын
қанағаттандырмай тастады
. 2011 жылы Жаңаөзен мұнайшылары ереуілін қорғаған Төлетаева 2012 жылы маусымда жеті жылға сотталып, кейін ол жаза бес жылға қысқартылды. 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция ереуілшілерге оқ атып, 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды (ресми дерек). Оқиғаға бойынша 37 адам сотталды. Барлығы айыпты мойындамады.
Суретте: Роза Төлетаева ереуілде отыр. Жаңаөзен, 2011 жылдың маусымы.
7
1 тамызда Алматының Алмалы аудандық соты Алматы тұрғыны Руслан Қожахметтің қытайлық "Синопек Қазақстан" компаниясына түсірген шағымын
жартылай қанағаттандырды
. Сот оны жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тауып, компанияға оны бұрынғы лауазымы - компания директорының өндіріс бойынша орынбасары етіп қайта орналастыруды міндеттеді. Ал шағым берушінің моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге төлеу талабын қанағаттандырудан бас тартты. Руслан Қожахмет енді апелляциялық шағым бермек. Қытайлық компанияның адвокаты "сот қаулысына шағым беру туралы шешім компания басшылығы онымен мұқият танысқаннан соң қабылданады" дейді.
8
1 тамыз күні Испания сотының Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағары Александр Павловты абақтыдан кепілдікпен босатқаны
хабарланды
.
Europa Press
агенттігі оның кепілге 30 мың еуро қалдырғанын жазады. El Pais басылымы Испания сотының «Павловқа саяси баспана бермеу» туралы шешімді жойғанын жазған еді. 37 жастағы Павлов 2012 жылдың желтоқсанынан бері Мадрид түрмесінде отыр. Қазақстан оны «террористік акт жоспарлады» деп айыптайды. Бұған дейін құқық қорғаушылар Павловқа саяси сипаты бар айып тағылғанын айтып, Испанияны оны Қазақстанға қайтармауға шақырған.
9
Шілденің 31-і күні әлеуметтік желілерде Қазақстандағы валюта бағамына қатысты үрей тарады. Теңгенің құнсыздануы туралы алып-қашпа ақпараттардан қауіптенген Астана тұрғындары сол күні кешке кейбір ақша айырбастау орындарының алдында кезекке тұрды. Тамыздың 1-і күні «Қазақстан ұлттық банкі» теңгенің долларға шаққандағы құны арзандауына негіз жоқ екенін мәлімдеп, «сыбыс таратпауға» шақырды. Бас прокуратура да осы күні "теңге құнсыздануы мүмкін" деген қауесет таратқандардың жауапқа тартылатынын
ескертті
. Тамыздың 1-і күні бірнеше ірі қаладағы ақша айырбастау орындарында
доллар тапшылығы байқалды
.
Суретте: Шымкент қаласындағы ақша айырбастау орны. 1 тамыз 2014 жыл.
10
Астанадағы бұрынғы саяжайдағы жер телімдерінің "мемлекет қажетіне" алынуына наразы жеті тұрғынның қарсылық акциясы осы аптада да жалғасты. Олардың екеуі - Сандуғаш Серікбаева мен Ольга Рубахованы 1 тамызда президент әкімшілігі жетекшісі Нұрлан Нығматулин
қабылдады
. Кездесуден соң олар "келісімге келе алмағандарын" айтты. Саяжай тұрғындары 23 шілдеден бастап бірнеше күн үкімет үйі алдынан кетпей, күндіз-түні наразылық акциясын өткізген еді. Оларды полиция екі рет
ұстап әкетіп
, қайта босатқан. Олар жер телімдері мен ондағы баспаналарынан шықпайтындарын, берілген өтемақының Астанадан баспана алуға жетпейтінін айтады.
Суретте: Наразы тұрғындары Нұрлан Нығматулинмен кездесуге бара жатыр. Астана, 1 тамыз 2014 жыл.
12
Израиль мен ХАМАС ұйымының қақтығысы бірнеше мәрте уақытша бітім жарияланғанына қарамастан, осы аптада да тыншымады. 2 тамыз күні Израиль Газа секторындағы Рафах қаласын
атқылап
, 35 палестиналық қаза тапты. Израильдің уәжіне қарағанда, "ХАМАС олардың бір солдатын (Хадар Голдин) тұтқындаған, ал бұл бітім шартын бұзған". Алайда 3 тамызда Израиль Голдиннің ХАМАС жауынгерлерімен ұрыста опат болғанын
хабарлады
.
Израиль мен Газа секторындағы ХАМАС ұйымының қақтығысына үш апта толды. 1 мың 500-ден астам палестиналық қаза тапты. Израиль жақтан 61 солдат пен үш бейбіт тұрғын мерт болды.
Суретте: Газа секторын атқылап жатқан Израиль солдаттары. 1 тамыз 2014 жыл.
13
28 шілде күні Грузия прокуратурасы шетелде жүрген бұрынғы президент Михаил Саакашвилиге қарсы іс қозғап, оны тергеуге шақырды. Ол тергеуге келмеген соң, 1 тамыз күні, Грузия соты Саакашвилиді ұстауға сырттай
шешім шығарды
. Саакашвили Грузияны 2004-2013 жылдары басқарды. 2013 жылдың соңында ол елден кетіп қалған еді. Оған 2007 жылы қарашада Тбилисиде болған үкіметке қарсы шерулердің күшпен таратылуына байланысты айыптар тағылып отыр. "Имеди" телеарнасын "басып алғаны" жөнінде де шағымдар түскен. Саакашвили "президент болған кезінде ешқандай заңды бұзбағанын" айтады.
Суретте: Михаил Саакашвили Киевтегі шеруде сөйлеп тұр. 29 наурыз 2014 жыл.
14
Осы аптада Таулы Қарабақта Армения және Әзербайжан әскері атысты. 1 тамыз күні Әзербайжан қорғаныс министрлігі "Армения әскерінің Әзербайжан армиясының позициясына шабуыл жасағанын, үш күннің ішінде сегіз әзербайжан сарбазының қаза тапқанын" хабарлады. 2 тамыз күні министрлік Таулы Қарабақ маңында болған атыстан төрт әзербайжан солдаты қаза тапқанын
мәлімдеді
. Ал Армения билігі "Қаза тапқан әзербайжан сарбаздарының саны айтылғаннан әлдеқайда көп болды" дейді.
Суретте: Таулы Қарабақтағы Армения әскері басып алған Агдам ауданына кірген Әзербайжан танкісі. 2 тамыз 2014 жыл.
15
2 тамыз күні "салықтан жалтарды", "кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен Әзербайжан құқық қорғаушысы Расул Жафаров
тұтқындалды
. ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитеті Әзербайжандық белсенділер Расул Жафаров пен
Лейла Юнустың
тұтқындалғанына алаңдаушылық білдірді. Комитет төрайымы Изабель Сантос Әзербайжан билігінің бұл әрекеттерін «дамыған демократиялық елге айналуға деген ұмтылысты мазақ ету» деп бағалады.
16
2 тамыз күні Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема осы елдің бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстан азаматтығын алған-алмағанын
тексеретінін хабарлады
.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі ақпаратына қарағанда, Пшонкадан бөлек, оның ұлы Артемнің және Украина кәсіпкерлері мен саясаткерлері - Сергей Арбузов, Александр Клименко, Сергей Курченконың Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны тексеріледі.
Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонкаға "бюджет қаражатын жымқырды", "пара алды", "билігін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.
28 шілде - 3 тамыз
Back to top
XS
SM
MD
LG