Атырау мұнай және газ университетінде Қытайдан келіп білім алып жатқан қазақ студенттері Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл олардың Қазақстандағы алғашқы бірігіп өткізген Наурыз тойы. Мерекелік шараны қытайлық қазақ студенттерінің «Жібек жолы» бауырластар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 22 наурыз 2017 жыл.
Атырауда Қытайдан келген қазақ жастары Наурызды тойлады

1
Домбырамен Құрманғазының «Адай» күйін орындаған қытайлық қазақ жастары (солдан оңға қарай): Қастер Өмір, Ұлан Нұржан, Заңғар Құмар, Жалғас Жалын және оларға көмектесіп отырған Елшат Жалғас.

2
Атырау мұнай және газ университетінде Қытайдан келіп білім алып жатқан қазақ студенттері Наурыз тойына арнайы тіккен киіз үй.

3
Атырауға Қытайдан қазақ жастарының білім алуға алғаш келген кезі бейнеленген суреттер.

4
Атырау мұнай және газ университетінде Қытайдан келіп білім алып жатқан қазақ студенттерінің Наурыз тойына қатысушылар.

5
«Жібек жолы» бауырластар» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Әлия Тазабекова Наурыз тойына жиналғандарға Атырауда Қытайдан келіп оқып жатқан қазақ студенттерін таныстырып тұр.

6
Наурыз мерекесінде концерттік бағдарламаны жүргізген Айдынгүл Өмірбек пен Ерназар Бақдәулет.

7
Наурыз тойында "Аққу биін" орындаған қыздар тобы.

8
Атыраудағы Наурыз тойында Ақтаудан келген Нүрияш Әбдірейімова қазақтың сәбиді бесікке салу дәстүрін таныстырды.

9
Наурыз мерекесінде Имран есімді бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

10
Атырауда Қытайдан келіп білім алып жатқан қазақ студенті Елшат Жалғас (ортада) өзі шығарған «Ару Атырау» рэп стиліндегі әнін орындап тұр.

11
Атырауда оқитын қытайлық қазақ студенттінің өнерін тамашалауға жиналған жұртшылық.

12
Атырау мұнай және газ университеті студенті Дина Серік "Қазақ елі" әнін шырқап тұр.

13
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қытай тілінен сабақ беретін Люси Фен (сол жақта) көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап тұр.

14
Наурыз тойында алтыбақан теуіп жатқан балалар.