Қаңтардың 29-ы күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғимараты алдында 28-ші қысқы универсиаданың алауын тұтатқаннан кейін эстафета басталды. Алау тұтату рәсіміне студенттер, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, қазақстандық танымал спортшылар мен өнерпаздар қатысты. Алматыдағы Универсиада ойындары ақпанның 8-іне дейін жалғасады.
Алматыдағы универсиада алауы эстафетасы

1
28-ші қысқы универсиада алауын жағу салтанатына келген студенттер

2
28-ші қысқы универсиада алауын жағу салтанатына қатысушы спортшылар мен өнерпаздар

3
Алматы әкімі Бауыржан Байбек 28-ші қысқы универсиада алауын жағу салтанатына келе жатыр

4
28-ші қысқы универсиада алауын тұтату

5
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің алдында тұтанған 28-ші қысқы универсиада алауы

6
28-ші қысқы универсиада алауын мінберден алып түскен студент

7
28-ші қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысушылар

8
28-ші қысқы универсиада алауын Алматы әкімі Бауыржан Байбекке тапсыру сәті

9
28-ші қысқы универсиада алауы эстафетасын бастап шыққан Алматы әкімі Бауыржан Байбек

10
Алматыдағы 28-ші қысқы универсиада алауын тұтату рәсіміне келген қала тұрғындары. 29 қаңтар 2017 жыл

11
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің алдында тұтанған 28-ші қысқы универсиада алауы