Accessibility links

ГУЛАГ-тың аранынан ғайыптың күшімен аман шыққан "Алаш" жетекшісі


Бұрынғы Алаш қаласындағы ғимараттардың бірі. Семейдегі Шәкәрім атындағы университет ғылыми орталығының қызметкері Ерлан Сайлаубаевтан алынған сурет.
Бұрынғы Алаш қаласындағы ғимараттардың бірі. Семейдегі Шәкәрім атындағы университет ғылыми орталығының қызметкері Ерлан Сайлаубаевтан алынған сурет.

2011 жылдың мамыр айында Әлімхан Ермековтің туғанына 120 жыл толды. Азаттық радиосы Қазақстанның қазіргі шекарасын межелеуге қатысқан «Алаш» қайраткерімен болған ең соңғы сұқбатты тапты.


Әлімхан Ермековтың тағдыры қазақтың бірінші саяси ұйымы «Алаш» партиясымен және 1917 жылдың желтоқсан айында Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының құрылуымен тығыз байланысты. Бұдан соң ол 1920 жылдың тамыз айында Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының құрылуына қатысты.

1917 жылдың ақпан төңкерісі кезінде Әлімхан Ермеков Томск технологиялық институтының төртінші курсында оқып жүрген. Бірақ 1917 жылдың қазан айында большевиктер жасаған екінші төңкеріс оның оқуын тоқтатуға мәжбүрледі.

ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ ЖӘНЕ «АЛАШ»

Әлімхан Ермеков 1917 жылдың желтоқсан айында «Алаш» партиясының Орынбор қаласында өткен Екінші Бүкілқазақтық құрылтайына қатысты. Осы құрылтайда Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы құрылып, оның басшылығына Әлихан Бөкейхан сайланды. Ұлттық кеңестің немесе Алашорда үкіметінің құрамына өзге де ұлт элиталарымен бірге Әлімхан Ермеков те енді.

Бұдан әрі Алашорда үкіметінің орталық аппараты оның ресми астанасы Алаш (Семей) қаласына көшкен соң Алашорда үкіметінің мүшесі Әлімхан
«Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхан.

Ермеков Қазақстанда совет өкіметінің орнауына қарсы Әлихан Бөкейханның басшылығымен алашордалықтар жүргізген қарулы күреске қатысты.

Бұдан сәл кейінірек Әлімхан Ермеков ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорданың үш басшының бірі ретінде жаңа совет өкіметінің көсемдерін келіссөздер жүргізуге араласты. Мұнда бір ғана – Қазақ автономиясын мойындау жөніндегі талап қойылады.

Бұған КПСС орталық комитеті жанындағы марксизм-ленинизм институты 1974 жылы басып шығарған «Владимир Ильич Ленин. Өмірбаян хроникасы» атты кітаптағы мына бір жолдар дәлел болады: «2 сәуір (1918 жыл). Ленин И.В.Сталинмен бірге оларды тікелей желіге шақырған Алашорда үкіметінің өкілдері Х.Ғаббасовпен, Ә.Ермековпен және Ә.Бөкейханмен келіссөздер жүргізді» (5 том, 352-353 беттер).

ҚАЙТҚАН ЖЕР

19-ғасырдың соңындағы «переселендік колониялау», әсіресе 1906-1911 жылдары жүргізілген столыпиндік реформалар кезінде айрылып қалған «қазақ жерлерін қайта түгендеу» дәл сол Қазақ АССР құрылған кезеңде және одан кейін жүргізілді. Бұл жерлердің қайтарылуында «Алаш» қозғалысының көсемдері, оның ішінде Әлімхан Ермеков маңызды рөл атқарды.

Мына үзінді «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының екінші томынан алынды: «1920 жылы Ә.Ермеков Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі ретінде Мәскеуге іссапарға жіберілді. Мұнда ол В.И.Лениннің төрағалығымен өткен отырыста Қазақстанның жағдайы туралы баяндама жасады.

Республиканың шекараларына қатысты өткір пікірталастар барысында бұдан бұрын Ресей құрамында болған бірқатар маңызды территорияларды Қазақстанға қайтару мүмкін болды. Бұлардың ішінде Коростылев даласы, Семей, Ақмола облыстары және Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бар. Қазіргі уақытта бұл аймақтардың республика үшін үлкен маңызы бар: Ақмола облысында ел астанасы орналасса, Каспий теңізінің жағалауында мұнай мен газдың негізгі қоры шоғырланған».

ГУЛАГ ТҰТҚЫНЫ

Әлімхан Ермеков 1938 жылы тұтқындалып, он жылға сотталды. Кейінірек жаза мерзімін алты жылға дейін төмендетеді. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, оны 1947 жылға дейін лагерде ұстап, тоғыз жылдан кейін ғана шығарды. 1948 жылы қайтадан тұтқындап, тағы да он жылға соттады. Бұл – тұтқындау мен қуғын-сүргіннің үшінші толқыны болатын.

Тек Әлімхан Ермеков ғана емес, «Алаш» қозғалысының барлық қайраткерлерінің жазаланары әуел бастан-ақ белгілі болатын. Большевиктік билік оларға әзер шыдап келді.

Бұл жайында Әскери-революциялық комитет мүшесі Вадим Лукашевтің Ресей коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық комитетіне 1919
ГУЛАГ тұтқындары.

жылы жазған хаты куә: «...Әзірге бұл «автономиялық» авантюраны оған хандардың бандит-байларының бір тобы сыбырлап отыр. Біз өзімізге «көмек» көрсетуі үшін қандай жолмен болса да, уақытша олардың басынан сипауға «мәжбүрміз». Олар бізге қараңғы халыққа «орасан» ықпалы бар (Ешқандай «орасан» ықпал жоқ! Ықпалды олар «біз арқылы» алады!) элементтер ретінде керек. Бұл ықпал - бұрынғы деспоттық ұлылықтың жұғындысы ғана».

Әлімхан Ермеков ГУЛАГ-та адамдық бет-бейнесін жоғалтқан жоқ, рухы сынбады, сыртқы әлеммен байланысып отырды. Бұл жайында жазушы және тарихшы Мұхтар Мағауиннің әңгімесінде айтылған. Әңгіме 1951-1955 жылдары Воркутадағы сталиндік лагерлердің бірінде Әлімхан Ермековпен бірге отырған әкесі Мұқан Мағауинге арналған.

Жазушы Мұхтар Мағауин әкесінің мұғалім болғанын, кішірек кезінде кезекті қуғындаудан тығылып, үйлерінде бой тасалап жатқан Міржақып Дулатұлы мен Әлихан Бөкейханды көргенін жазады. Әлімхан Ермековпен кездесу Мұқан Мағауинге ұмытылмас әсер қалдырды дейді Мұхтар Мағауин.

Әлімхан Ермеков оның есінде өте ақылды, ұстамды адам ретінде қалған. Жазушы және тарихшы Мұхтар Мағауиннің әкесі Әлімхан Ермековтің сталиндік лагерлерде болған кездерін былай деп еске алады:

«Менмен де емес, соншалықты жадағай да емес, Ермековтің бүкіл сырт бейнесі оның айырықша тұлға екендігін байқатып тұрды. Артық сөз айтпайды, өте сақ. Өзгелер әлденеге қызу пікір таластырып, қызыл-кеңірдек болып жатқанда ол қасын сәл ғана керіп қойып, үндемей отыратын, кейде аздап күлімсірейтін, бірақ ешқашан бұл әңгімелер мен пікірталастарға араласпайтын.

Оны қазақтар да, қырғыздар да, Балтық бойынан келгендер де, украиндар да, белорустар да - барлығы да құрметтейтін. Заңды жетік білгендіктен ол кейбіреулерге рақымшылық жасау және жаза мерзімін азайту туралы өтініштерін сауатты түрде жазуға көмектесетін.

Бізден айырмашылығы, бостандықта қалған Ермековтің жақындары мен туыстары бақуатты тұрды және шамасы батыл адамдар болса керек. Өйткені Ермековке сәлемдемелер жиі келетін, ол онысын барактағы көршілерімен бөлісіп отыратын.

Жалпы алғанда, өзгелермен салыстырғанда оның лагердегі жағдайы соншалықты жаман емес еді. Оның денсаулығы да мықты, мінез құлқы да табанды болатын. Жалпы, Әлекең мен біздің көпшілігіміз көмір шахтасында жұмыс істеудің арқасында лагерден аман шықтық».

ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВТІҢ СОҢҒЫ СҰҚБАТЫ

Әлімхан Ермеков бостандыққа 1955 жылдың наурыз айында шықты. Оған өзінің туған өлкесіне қайтуына рұқсат берілді. 1955 жылдан бастап Қарағанды политехникалық институтында жұмыс істеп, 1958 жылы зейнетке шықты. Ол кісі 1970 жылы Қарағандыда қайтыс болған кезде ың-шыңсыз, тыныш қана жерлей салды.

Әлімхан Ермеков – тұңғыш қазақ математигі, профессор, жоғары математикадан қазақ тіліндегі оқулық ауторы. 1932-1936 жылдары жоғары техникалық оқу орындары үшін қазақ тіліндегі математикалық терминологияны жариялады. Бұл – математика бойынша қазақ тілінде шыққан бірінші оқулық.

Қазір Қарағанды мен Қарқаралыдағы көшелер, мамандандырылған Кітап үйі, Ақадырдағы №131 мектеп Әлімхан Ермековтің атымен аталады.

1998 жылдың жазында Әлімхан Ермековтің туған жері Ақтоғайда Алашорда көсемдері Әлихан Бөкейханға, Әлімхан Ермековке және Жақып Ақбаевтарға ескерткіштер ашылды. Осы жолдар ауторы бұл оқиғаның куәсі болды.

Азаттық радиосы Әлімхан Ермековтің 1968 жылы Целиноград облыстық радиосының қызметкері Нөгербек Мағзұмұлына берген, аман сақталып қалған сұқбатының үзіндісін ұсынып отыр.

Әлімхан Ермековтің 1968 жылы берген сұқбаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG