Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан "Баянауыл" автокөлік бөлшектерін сататын базары қаңтардың 9-нан бастап сүріле бастады. Базар сатушылары "Жібек жолы" базары мен қала сыртындағы "Барлық" базарына орналасып жатқандарын айтады. Алматы. 14 қаңтар, 2015 жыл. Фотогалерея авторы - Нұртай Лаханұлы.
"Баянауыл" базары көшіп жатыр
Алматыдағы автобөлшектер сататын "Баянауыл" базары қаңтардың 9-ынан бастап көше бастады.
1
Кран ілмегіне мінген адамдар.
2
Базарда құлатылған сауда ғимараттарының бірі.
3
Құлаған базар ғимараты маңында тұрған шағын жүк көліктері.
4
Көшке дайындық барысында тазалыққа назар аударып жатқан ешкім жоқ.
5
Шағын жүк көлігімен көшіп жатқан адамдар.
6
Базар кіреберісінде - қаптаған крандар.
7
Автобөлшектер базарда осындай контейнерлерде де сатылып келген.
8
Базар контейнерін көтерген кран.
9
Базардағы көш қамы.
10
Базар контейнерлерін тиеп шыққан көліктер басқа базарға бет алды.
11
Базар маңы - полиция бақылауында.
12
Базарды көшіруге келген көліктер полиция тексеруінен өтеді.