Ресей қыркүйектің 16-21 аралығында "Центр- 2019" әскери жаттығуын өткізді. Оның мақсаты - терроризммен күрес және "Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету" екені хабарланды.
Ресейдегі ірі әскери жаттығуда "шартты қарсыласты жойды"

1
Душанбеге (Тәжікстан) жақын тау бөктеріндегі "тікұшақ шабуылы".

2
Жаттығудың бір бөлігі Қазақстан аумағында өтті. Әскери жаттығуға Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан әскерилері қатысты.

3
Мергендер. Тәжікстан аумағы.

4
Ресейдің батысында әскери тікұшақтан жерге түсіп жатқан сарбаздар.

5
Қазақстандағы полигонда орналасқан "Ескендір" кешенінен зымыранның аспанға көтерілу сәті. Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының жазуынша, жаттығу сценариі бойынша "Ресейдің оңтүстік-батысында халықаралық террористік ұйым жетекшілерімен байланысы бар шартты қарсылас" пайда болған.

6
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, "Центр-2019" жаттығуының мақсаты - қарсыласты жойып, "көрші елдерде" радикалды исламизмнің таралуына жол бермеу.

7
Ресей тарихындағы "ең ірі әскери жаттығулардың бірі" ретінде аталған шараға өзге ел басшылары арасынан тек Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков қана қатысты.

8
Кремльдің хабарлауынша, жаттығуға 128 мың әскери қатысып жатыр. Алайда кейбір шетел сарапшылары бұл көрсеткіш "асырылып көрсетілген болуы мүмкін" деп топшылайды.

9
Том өзеніне орнатылған "Оса" зымыран кешені.

10
Әскерилер понтон көпірінің бір бөлігін Том өзенінің бойына әкелді.

11
Өзенге понтон көпірін орнату сәті.

12
Понтон көпір арқылы бір жақтан екінші жаққа тасымалданып жатқан әскери техника.

13
Жаттығуға қатысып жатқан қазақстандық әскерилер.

14
Ресейдің Кемерево облысындағы әскери жаттығу жалғасы. Қарсылас жаққа шабуылдаған танк.

15
Владимир Путин Орынбор облысында өтіп жатқан әскери жаттығуды бақылап тұр. Жаттығу "шартты қарсыласты ойсырата жеңгеннен кейін" аяқталады.