Қазақстанның көрікті жерлерін қаншалықты білесіз?

Қазақстанның көрікті жерлерін қаншалықты білесіз?

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні. Қазақстандағы туристер көп баратын жерлерді, тарихи ескерткіштерді қаншалықты білесіз? Тексеріп көрелік.

Нәтижеңіз: 2 – 5

Тесті қайта бастау

Қателестіңіз... Маңғыстау облысындағы Ақеспе шатқалында болмадыңыз ба? Мүмкіндік болса, барып қайтыңыз!

Дұрыс таптыңыз! Бұл Маңғыстау облысының аумағында, Ақтау қаласынан 120 километр жерде орналасқан Ақеспе шатқалы

Қателестіңіз! Бұл - Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің ғимараты. 1888 жылы салынған.

Дұрыс! Бұл - Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің ғимараты. 1888 жылы салынған.

Дәл таптыңыз! Қазақстан астанасында болғансыз-ау... Бұл - Нұр-Сұлтандағы "Әзірет Сұлтан" мешіті. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт.

Таппадыңыз :( Бұл - Нұр-Сұлтандағы "Әзірет Сұлтан" мешіті. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт.

Дұрыс таптыңыз! Бұл - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістанның 1500 жылдық тарихы бар. Бұл қала арқылы Ұлы Жібек Жолының керуендері өткен.

Қате! Бұл - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістанның 1500 жылдық тарихы бар. Бұл қала арқылы Ұлы Жібек Жолының керуендері өткен.

Қателестіңіз. Бұл - Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауы!

Дәл таптыңыз! Бұл - Ақтау! Бұл - Каспий теңізінің жағалауы!

Қателестіңіз! Бұл - Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Шахи Зинда ескерткіші. Бұл жәдігер ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы қатарына енген.

Дұрыс! Бұл - Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Шахи Зинда ескерткіші. Бұл жәдігер ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы қатарына енген.

Қателестіңіз... Бұл - Қырғызстанның Нарын облысында орналасқан Шаар сарқырамасы. Биіктігі - 300 метр. Орталық Азиядағы ең үлкен үлкен сарқырама.

Дұрыс! Бұл - биіктігі 300 метр Шаар сарқырамасы. Орталық Азиядағы ең үлкен үлкен сарқырама. Қырғызстанның Нарын облысында орналасқан.

Қателестіңіз! Бұл - Қазақстандағы Торыш алқабы. Маңғыстау облысы Шетпе ауылының маңында. Ғалымдар шар тәріздес тастардың пайда болу құпиясын әлі таппады.

Дұрыс! Бұл - Қазақстандағы Торыш алқабы. Маңғыстау облысы Шетпе ауылының маңында. Ғалымдар шар тәріздес тастардың пайда болу құпиясын әлі таппады.

Дұрыс! Бұл - Арал теңізінде қалған қайық. Теңіз 1960 жылдары құрғай бастады. 1990 жылдары Арал "экологиялық апат аймағы" деп танылған. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынған соң Аралдың Қазақстандағы бөлігі тола бастады. Аралдың қазіргі жағдайын білгіңіз келсе Азаттықтың "Қария мен теңіз" фильмін көріңіз.

Қате. Бұл - Арал теңізінде қалған қайық. Теңіз 1960 жылдары құрғай бастады. 1990 жылдары Арал "экологиялық апат аймағы" деп танылған. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынған соң Аралдың Қазақстандағы бөлігі тола бастады. Аралдың қазіргі жағдайын білгіңіз келсе Азаттықтың "Қария мен теңіз" фильмін көріңіз.

Бұл - Түркіменстан! "Тозақ қақпасы" деп аталатын газ кратері. 1971 жылы Совет геологтары газ қорын іздеп жүріп, осы жерге жолыққан. Газ сыртқа шықпас үшін оған от қойған. Кратер 45 жылдан бері жанып жатыр.

Бұл - Түркіменстан! "Тозақ қақпасы" деп аталатын газ кратері. 1971 жылы Совет геологтары газ қорын іздеп жүріп, осы жерге жолыққан. Газ сыртқа шықпас үшін оған от қойған. Кратер 45 жылдан бері жанып жатыр.

Қателестіңіз! Бұл - Жамбыл облысының Мерке ауылының маңындағы түркі ғибатаханасы. Осы жерде жетпістей тарихи ескерткіш бар.

Дұрыс! Бұл - Жамбыл облысының Мерке ауылының маңындағы түркі ғибатаханасы. Осы жерде жетпістей тарихи ескерткіш бар.