Қаңтардың 7-іне қараған түні православ христиандар дәстүрлі Рождество мерекесін тойлауды бастады. Бұл түні Қазақстан шіркеулерінде діни рәсім атқарылып, оған қатысқан жұрт құдайға мінәжат қылып, дұға оқыды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Успенский кафедралды соборына көп адам жиналды. Азаттық тілшісінің діни шарадан түсірген суреттерін ұсынамыз.
Нұр-Сұлтандағы православ шіркеуінде өткен Рождество
1
Православ христиандар биылғы Рождествоны әлемде коронавирус пандемиясы белең алып тұрған кезде қарсы алып отыр. Өзге елдердегі тәрізді Қазақстанда да көпшілік орындарда сақтық шарасы қабылданған.
Суретте: Шіркеуге кіреберісте мерекелік құлшылыққа келушілердің дене қызуын тексеріп тұрған ерікті. Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар 2021 жыл.
Суретте: Шіркеуге кіреберісте мерекелік құлшылыққа келушілердің дене қызуын тексеріп тұрған ерікті. Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар 2021 жыл.
2
Жаңа жыл басталғалы Қазақстанның бірқатар аймағында қатты аяз тұр. Рождество түні де Нұр-Сұлтанда күн ерекше суық болды.
3
Қатты аяз бен індетке қарамастан, Рождество түні шіркеудегі мерекелік діни шараға көп адам жиналды.
4
Мерекелік діни рәсім 6 қаңтарда сағат 22:00-ден аса басталды. Түнгі сағат он екіге қарай шіркеу ішіне жиналғандар саны бірнеше жүз адамға жетті.
5
Кейбіреулер шіркеудегі мерекелік шараға кішкентай балаларын да ала келді.
6
Рождество түні шіркеудегі діни мерекелік шараға келгендер шырақ жағып, мінәжат етіп жатыр.
7
Ресми дерек бойынша, 18 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанда православ христиандар саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.
8
Дін қызметкері мерекелік шара кезінде құлшылық әнін айтып тұр.
9
Діни кітап оқып, құдайға мінәжат етіп тұрған әйел.
10
Шырақ үстелінің тазалығын бақылап жүрген адам.
11
Қазақстанның ресми күнтізбесінде православ христиандар жыл сайын Рождество мерекесін тойлайтын 7 қаңтар демалыс күні болып белгіленген.