Алматы полициясы жүзден астам адамды ұстады
12 маусым кешкісін Алматыдағы Астана алаңында полиция жүзден астам адамды ұстады. Азаттық тілшісінің айтуынша, адамдар алаңда ешқандай ұран айтпаған. Полиция сол маңдағы адамдарды бір-бірден ұстай бастаған. Олардың кейбірі полиция ұстағаннан кейін ғана ұрандар айтқан. Азаттық тілшісінің сөзінше, ұсталғандардың бірі полиция әкетіп бара жатқанда «Шал, кет!» айғайлаған.
ПІКІРЛЕР