Accessibility links

Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүздеген адам наразылыққа шықты

Мамырдың 1 -і күні ​Алматы мен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жүзге жуық адам жиналып, билікке наразылықтарын білдірді. "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айғайлаған топқа прокуратура өкілдері ескерту жасады. ​Нұр-Сұлтан мен Алматыда арнайы жасақ өкілдері наразылыққа келген ондаған адамды ұстап әкетті. Нұр-Сұлтанда наразыларды ұстау кезінде арнайы жасақ өкілдерінің кейбір адамдарды резеңке таяқпен ұрғаны байқалды. Сәлден соң арнайы жасақ өкілдері наразыларды резеңке таяқпен ұруды дереу тоқтатты. Кейін наразы халықтың алдына прокуратура өкілдері шығып, "бұл заңсыз митинг екенін, тарамаса, жауапқа тартылатынын" ескертті. Жиналғандар полициядан ұсталғандарды босатуды талап етті. Халық алдына келген полиция өкілі "бір сағат ойларыңызды айтуға рұқсат бердік. Енді тараңыздар. Ал ұстаған адамдарды босатамыз" деді. Сәлден соң полиция ұсталғандарды босатты. Бірақ кейінірек оларды қайта ұстады. Азаттық оқиға орнынан түсірілген суреттер топтамасын ұсынады.

Тағы

XS
SM
MD
LG