Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі облыс орталығындағы наразылық акциясы кезінде түсірген суреттер.
Ақтөбе: 4-6 қаңтардағы оқиғалар
26
Суық күні алаңда от жағып жылынып отырған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
27
Ақтөбедегі орталық алаң, 6 қаңтар 2022 ж.
28
Орталық алаңның шетінде жатқан тас. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
29
Наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген адам. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
30
Наразылық акциясы екі күн қатарынан жалғасып жатқан орталық алаңға тігілген киіз үй. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
31
Орталық алаңға тігілген киіз үйде демонстранттарға ас әзірлеп жүрген әйелдер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
32
Полиция 7 қаңтарда таңғы сағат 4:30 шамасында Ақтөбенің орталық алаңында арнайы операция өткізіп, наразылық акциясында тұрған 200-ге жуық демонстрантты алып кеткен.
33
Облыс әкімдігіне кіреберісте тұрған қарулы күзет. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
34
Ақтөбедегі облыс әкімдігі ғимаратындағы бүлінген кабинеттердің бірінде төрде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілулі тұр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
35
Әкімдік дәлізінің көрінісі. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
36
Наразылық тарағаннан кейін. Ақтөбе облысы әкімдігіндегі кабинеттердің бірі. 7 қаңтар 2022 ж.
37
Наразылық акциясынан кейін. Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде криминалистер саусақ ізін алып жатыр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
38
Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде саусақ ізін алып жатқан криминалист мамандар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
39
Наразылар алаңға тіккен киіз үйді жинап, орнын тазалап жатқан жұмысшылар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
40
Арнайы операция аяқталған соң жұма, 7 қаңтар күні күндізгі уақытта да полиция әкімдік маңынан бірнеше адамды ұстады. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
41
Ақтөбедегі наразылық барысында зардап шеккен 36 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бір демонстрант реанимацияға түскен.