Reuters фототілшісі Шәміл Жұматов Алматы облысындағы Асы жайлауына (теңіз деңгейінен 2 мың 500 метр биікте жатқан жота) шығып, қазіргі заманғы көшпенді қазақтардың тұрмыс-тіршілігін суретке түсіріп алды.
Көшпенді қазақ тұрмысы
1
Жайлаудағы малшының үйі мен қотаны.
2
Бір жарым жасар Нұртілеу киіз үйдің алдында ойнап жүр.
3
Асы жайлауындағы (Алматыдан шығысқа қарай 90 шақырымдай жерде) шопан Панарбек Мадияр қорада жүр.
4
Киіз үйдің ар жағындағы төбеде Совет Одағы кезінде салынған обсерватория тұр.
5
Жәмила Бөрібаева бие сауып отыр.
6
Жамбытай Жұмалиева мен немересі Аяжан құрт жасап отыр.
7
Көшпенді қазақ отбасы дастархан басында таңғы ас ішіп отыр.
8
70 жастағы ақсақал Тұрғынбай Еркінбеков пен немересі Нұртілеу.
9
Асы жайлауында.
10
Жаңа туған лақ.
11
Жайлаудағы жылқы.