Беларусь астанасы Минскіде еврейлердің бірнеше қоғамдық ұйымы өкілдері Холокост (еврейлерді жаппай қуғындау - ред.) құрбандарын еске алудың халықаралық күні - 27 қаңтарда депортацияға ұшыраған еврейлер ескерткіші қасына жиналды. Олар құрбан болған еврейлер рухына арнап шырақ жақты. Мұнан соң Прогрессивтік иудаизм орталығында дұға оқылды.
Беларусь: Холокосты еске алу
Минскіде еврейлердің бірнеше қоғамдық ұйымы өкілдері депортацияға ұшыраған еврейлер ескерткіші қасына жиналды. Олар құрбан болған адамдар рухына арнап шырақ жақты.

1
Еврейлердің діни кітабы.

2
Депортацияға ұшыраған еврейлер ескерткіші жанында тұрған қоғамдық ұйым өкілдері.

3
Құрбандар рухына арнап шырақ жағу рәсімі.

4
Құрбандарға арналған шырақта еврейлер тілінде «Шалом» деп жазылған. Бұл сөз «Бейбітшілік» деген мағына береді.

5
Депортацияға ұшыраған еврейлерге арнап қойылған ескерткіш.

6
Еске алу шарасына православ діни қызметкері қатысты.

7
Беларусьтегі Еуропа Одағы өкілдігінің басшысы, елші Андреа Викторин (ортада).

8

9

10
Концлагерьде балалар хорында болғандар.

11
Бейбітшілік үшін дұға қылу.

12
Дұға оқу.

13