Accessibility links

Халықаралық құқық қорғаушылар Бішкекке кіргізілмеді


Рафаэль Лопухин бастаған Халықаралық адам құқығы федерациясының (FIDH) үш сарапшысы Бішкекке кіргізілмеді. Оларды еш түсіндірместен "Манас" әуежайынан кері қайтарған. Бұл жөнінде Азаттық Азия жазды.

Құқық қорғаушылар «Дағдарыс кезіндегі ақпараттық қауіпсіздік: үгіт-насихат пен манипуляцияға қарсы тұру» тақырыбындағы конференцияға қатысуға келген.

Шекара қызметі оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Жоғарыда аталған конференцияда шетел және жергілікті журналистер, сонымен бірге БАҚ сарапшыларының баяндамалары мен талқылаулары жоспарланған болатын.

FIDH — әлемдегі ең ескі құқық қорғау ұйымдарының бірі. 1922 жылы құрылған. Оның құрамына адам құқығымен айналысатын көптеген ұйым кіреді. Штаб-пәтері Парижде орналасқан, өзге елдерде де кеңселері бар.

Ұйым қырғыз құқық қорғаушыларымен белсене араласып, елдегі адам құқығы ахуалы туралы тұрақты түрде хабарлап отырады.

Желтоқсан басында Ресей әділет министрлігі ұйымды "жағымсыз ұйымдардың" қатарына енгізген.

XS
SM
MD
LG