Accessibility links

FT: АҚШ Украинаға Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасау үшін қажет барлау деректерін беріп жатыр


АҚШ бірнеше айдан бері Украинаға Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауға қажет барлау деректерін беріп келеді. Бұл жөнінде Америка мен Украина шенеуніктеріне сүйенген Financial Times жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, шілде айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский телефонмен сөйлескеннен кейін Ақ үйдің саясаты өзгерген. АҚШ берген барлау деректері Украинаға ресейлік қорғаныс жүйесі орналасқан орындарды дәлірек анықтауға және дронмен соққы жасайтын бағыттарды тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Басылым дереккөздерінің бірінің айтуынша, Киев соққы жасайтын нысандарды өздері анықтайды, ал АҚШ олардың осал тұсын анықтауға көмектеседі. Басылымның тағы бір дереккөзі АҚШ соққы жасалуы тиіс нысандар тізімін анықтағанын айтты.

Газетпен сөйлескен дереккөздің айтуынша, Вашингтонда ресейлік мұнай өңдеу зауыттары мен өзге де энергетика нысандарына соққыны Кремльді келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлейтін қысым құралы ретінде қарастырады.

XS
SM
MD
LG