Православтар ауыз бекітетін қырық тәуліктің (Великий Пост) алғашқы аптасының соңғы күні Алматыда православтардың діни тағамдарының дәстүрлі фестивалі өткізіледі. Ақпанның 23-інде басталған ауыз бекіту алты апта бойы – Пасха мейрамына дейін жалғасады. Ауыз бекітудің мәні – тәубаға келу. Алматы, 1 наурыз 2015 жыл.
Діни тағамдар фестивалі
Алматыда православтардың діни тағам түрлеріне арналған дәстүрлі фестиваль өтті.
1
Православ діни тағамдары фестиваліне қатысушылар самауырда қайнатылған шай ұсынды.
2
Пасха мейрамы алдындағы ауыз бекіту (Великий Пост) кезіндегі православ діни тағамдар фестивалі Алматыдағы Никольский шіркеуі жанындағы ғимаратта осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастапқыда оған бес-алты храм қатысса, биылғы фестивальға 14 храм қатысты. Олардың арасында Алматы маңындағы елдімекендерден келгендер де бар.
3
Кейбір храмдарда фестивальға арнайы дәм әзірлеген аспаздар бар, оларға шіркеуге келушілер де көмектескен. Фестивальға әр храмнан тағам әзірлеген бірнеше адамнан қатысты. Олар ас-дәмді алдын ала дайындап әкелді.
4
Фестиваль қонақтары қырық күндік ауыз бекіту кезінде қандай тағам түрлерін ішіп-жеуге болатынымен танысты. Келушілердің бірі тағамды қалай дайындауды қағазға жазып әкеліпті, бәзбіреулер оны фотоға түсіріп алуды жөн көрді.
5
Фестивальға әкелінген тағам түрлері. Үстелге бұршақ, көкөністен жасалған салат түрлері, қырыққабаттан дайындалған орама, картоп салынған самса, көкөніс котлеттері, жұмыртқа қоспай суға пісірілген құймақ қойылған.
6
Діни тағамдар фестиваліне қатысушы монах әйел.
7
Жидектен жасалған сусын құйып жатқан әйел.
8
Фестивальға қатысушы әзірлеген тағам түрлері үшін марапатталған сәті түсірілген фотосуретті көрсетіп тұр.
9
Қасиетті Құдай-Ана ғибадатханасы бұл фестивальға жеміс-жидектен өрнектеп дайындалған «Жұмақ бағы» тағамын әкеліпті.
10
Шіркеуге келушілердің бірі Алматыдағы Никольский соборының священнигі Вячеслав Пугачевқа дәм ұсынып жатыр.