Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпан күні Мәскеудегі СССР тұсында салынған, миллиондаған адам тұрып жатқан "Хрущев үйлерін" түгел бұзып, орнына 2018 жылға дейін жаңа үйлер салу туралы жоспарға қол қойды.
Коммунизм естелігі - "хрущевкалар"

2
Молдовадағы Приднестровье аймағындағы "хрущевка" төбесінен айналып ұшып жүрген қарғалар. Бұл үйлерді пайдалану мерзімі 25 жыл бұрын өтіп кеткен. Қазір олар Совет Одағының қиын жылдарын еске түсіреді.

4
1953 жылы Сталин өлгеннен кейін СССР билігіне келген Никита Хрущев (сол жақтан үшінші) 1959 жылы өткен АҚШ-тағы көрмеде ас бөлмесіне қоятын жиһаздар мен техникаларды тамашалап тұр. Бұл кезде СССР тұрғындары тар коммуналдық пәтерлерде тұрып жатқан. Хрущевтің оң жағында АҚШ вице-президенті Ричард Никсон, оның жанында СССР-дің болашақ лидері Леонид Брежнев тұр.

15
Киевтегі "хрущевканың" біріне салынған фреска. Тұрғындардың баспаналарын жөндеуге жасап жатқан түрлі әрекеттеріне қарамастан, "хрущевкалар" тозып барады.