Эльбруста экстремалды спорт түрлерінен жыл сайын өтетін Red Fox Elbrus Race фестивалі аяқталды. Мамырдың 1-8 күндері аралығында өткен жарыс бағдарламасына ски-альпинизм (Ресей кубогының кезеңдік бәсекесі), скайраннинг чемпионаты, жартасқа өрмелеу және қарадымдағышпен жарысу енгізілді.
Дәстүрлі фестивальға биыл әлемнің 17 елінен спортшылар қатысты. Азаттықтың Солтүстік Кавказ редакциясының тілшісі фестивальдағы ең тартысты кезең – Эльбрусқа жылдам өрмелеу жарысын тамашалаған еді.
Эльбрустағы экстремалдар жарысы

1
Таңғы сағат алты. Скайраннерлердің бір тобы батыс шыңына (5642 метр) Азау алаңқайынан (2350 метр) көтерілуге дайындалып жатыр. Қалғандары 3770 метр биіктіктен бастауды ұйғарған.

2
Жарысты кімнің қай тұстан бастағанына қарамастан, Red Fox Elbrus Race фестивалінде тау жотасындағы кезеңге сағат 12-ге дейін шығып үлгермегендерді төрешілер кері қайтарады.

3
Тауға шыққанда күнге күймеу үшін жарысқа қатысушылар беттеріне арнайы май жағып алады.

4
Күнге шағылысқан ақ қар мен жел көз аштырмайды. Тау басында ауа температурасы -26 градус деген болжам айтылған.

5
Скайраннер үшін негізгі тағам – құнарлы батончиктер мен гельдер.

6
Тау төбесі қол созым жерде тұрғандай жақыннан көрінеді.

7
Жарысқа қатысушы аяғына арнайы тістері бар табан тағып жүруі тиіс. Онсыз төрешілер Пастухов шыңдарынан жоғары қарай жібермейді.

8
Эльбруста ең бастысы - соқпақтан шықпау керек. Сондықтан фестивальдағы сүрлеу жолда әр 30 метр сайын қойылған арнайы белгілер кездеседі.

9
Азау алаңқайынан биікке көтерілген қатысушылар скайраннерлер аралық кезеңдегі "Бөшкелер" деп аталатын тұсқа келгенде мұнда алдын ала әкеліп қойған рюкзактарын тауып, жылдам киім ауыстырады.

10
Шыңға жылдам көтерілу жарысында екі рекорд орнады. Эквадорлық Карл Эглофф Азаудан шың басына 3 сағат 24 минутта шықты. Және ол шыңға көтеріліп, қайта түсуге 4 сағат 20 минут 45 секунд жұмсап, әлем рекордын жаңартты.
ПІКІРЛЕР