Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында ашылған «Ұлы дала жаңғырығы» атты көрмеге жүзге жуық көркем өнер туындылары – негізінен соғыстан кейінгі буын өкілдерінің қолынан шыққан суреттер мен мүсіндер қойылған.
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне қойылған суреттер Қазақстанның өткен тарихын арқау еткен.
![«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі өтіп жатқан залға кірген сәтте Бақытхан Мырзахметовтің «Абылайханды ақ киізге көтеру» (ортада), Талғат Тілеужановтың «Жекпе-жек» (сол жақта) және «Ұрыс алдында» (оң жақта) картиналары мен Тілеуберді Бинаштың «Қаратау» мүсіндер топтамасы назарға бірден ілігеді.](https://gdb.rferl.org/bd809722-31ce-4d60-bb51-0b1755912298_w1024_q10_s.jpg)
1
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі өтіп жатқан залға кірген сәтте Бақытхан Мырзахметовтің «Абылайханды ақ киізге көтеру» (ортада), Талғат Тілеужановтың «Жекпе-жек» (сол жақта) және «Ұрыс алдында» (оң жақта) картиналары мен Тілеуберді Бинаштың «Қаратау» мүсіндер топтамасы назарға бірден ілігеді.
![«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне келгендер қазіргі заманғы суретші Нұрлан Қилыбаев 2015 жылы жазған «Хан» суретін тамашалап тұр.](https://gdb.rferl.org/a4fb97b2-8735-4573-9015-7c21183699db_w1024_q10_s.jpg)
2
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне келгендер қазіргі заманғы суретші Нұрлан Қилыбаев 2015 жылы жазған «Хан» суретін тамашалап тұр.
![Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған көркемөнер шығармалары көрмесін Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жетекшісі Санжар Боқаев (сол жақта) және Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы директоры Гүлмира Шалабаева ашты.](https://gdb.rferl.org/48e66284-04bb-49e6-9aea-1131c64cf17d_w1024_q10_s.jpg)
3
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған көркемөнер шығармалары көрмесін Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жетекшісі Санжар Боқаев (сол жақта) және Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы директоры Гүлмира Шалабаева ашты.
![Көрмеге қойылған туындылар арасында тарихи тұлғалар бейнелері аз емес. Мысалы, солардың бірі – Талғат Тілеужанов жазған Райымбек батырдың портретін көрмеге келген адам фотосуретке тартып жатыр. ](https://gdb.rferl.org/3c182726-2ffe-437a-bf74-e8a6e2a62a7f_w1024_q10_s.jpg)
4
Көрмеге қойылған туындылар арасында тарихи тұлғалар бейнелері аз емес. Мысалы, солардың бірі – Талғат Тілеужанов жазған Райымбек батырдың портретін көрмеге келген адам фотосуретке тартып жатыр.
![Көрмедегі майдан даласы бейнеленген суретті тамашалап тұрған балалар.](https://gdb.rferl.org/25a77edc-56ff-4d41-ac53-2473d261beee_cx0_cy9_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Көрмедегі майдан даласы бейнеленген суретті тамашалап тұрған балалар.
![«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне мүсін қойылған Әділет Жұмабайдың қоладан соққан «Үш қылыш» скульптурасы (ортада). Қабырғаға Табылды Мұқатовтың «Даладағы әңгіме» (сол жақта) және Жеңісбек Әбдіраманның «Қобланды батыр» атты суреттері ілінген.](https://gdb.rferl.org/118c14da-45c2-4cbf-a01a-59c78b7ac0da_w1024_q10_s.jpg)
6
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне мүсін қойылған Әділет Жұмабайдың қоладан соққан «Үш қылыш» скульптурасы (ортада). Қабырғаға Табылды Мұқатовтың «Даладағы әңгіме» (сол жақта) және Жеңісбек Әбдіраманның «Қобланды батыр» атты суреттері ілінген.
![Көрмеге графикалық туындылар да қойылған.](https://gdb.rferl.org/a6f9ad7d-d120-4e7a-8cd7-becdeb4712e2_w1024_q10_s.jpg)
7
Көрмеге графикалық туындылар да қойылған.
![Көрмедегі Өмірбек Жұбаниязовтың 2014 жылы жазылған «Бозторғай. Уақыт» атты картинасында өткен тарих пен бүгінгі заман тоғысы бейнеленген.](https://gdb.rferl.org/c73935a6-4ad5-414f-89ea-0ef84ecc6ab3_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
8
Көрмедегі Өмірбек Жұбаниязовтың 2014 жылы жазылған «Бозторғай. Уақыт» атты картинасында өткен тарих пен бүгінгі заман тоғысы бейнеленген.
![Талғат Тілеужановтың «Баян» шығармасы сүйгенінен айрылғанына қайғырып өзін өзі шыңырауға тастамақ болған сұлу мен оны ажалға жібермей ұстап тұрған адамды суреттеген.](https://gdb.rferl.org/4e9d0ce3-dda1-4431-9e1b-51bd01ad4891_cx0_cy5_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
Талғат Тілеужановтың «Баян» шығармасы сүйгенінен айрылғанына қайғырып өзін өзі шыңырауға тастамақ болған сұлу мен оны ажалға жібермей ұстап тұрған адамды суреттеген.
![«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне қойылған туындылардың бірі – Ерболат Төлепбаевтың «Көкпар» суреті. 1988 жылы жазылған суретке ұлттық ойын арқау болған.](https://gdb.rferl.org/d520a7eb-26ea-44c4-a231-15d6daee1368_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
10
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне қойылған туындылардың бірі – Ерболат Төлепбаевтың «Көкпар» суреті. 1988 жылы жазылған суретке ұлттық ойын арқау болған.
![Қазақстандық белгілі суретші Сергей Анарбеков (оң жақта) Азаттық тілшісімен әңгімеде бұл көрмені өткенге оралу деп сипаттады. Оның пікірінше, бұл көрме совет дәуіріндегі 1950-жылдарды еске салады. «Ал мен тарихқа 21 ғасырдың көзқарасын көрсем деймін» деген ойымен бөлісті суретші.](https://gdb.rferl.org/997ac400-9497-4b8d-9814-24027943bd5d_w1024_q10_s.jpg)
11
Қазақстандық белгілі суретші Сергей Анарбеков (оң жақта) Азаттық тілшісімен әңгімеде бұл көрмені өткенге оралу деп сипаттады. Оның пікірінше, бұл көрме совет дәуіріндегі 1950-жылдарды еске салады. «Ал мен тарихқа 21 ғасырдың көзқарасын көрсем деймін» деген ойымен бөлісті суретші.
![«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне совет дәуіріндегі кейбір жұмыстар қойылған. Солардың бірі – Әубәкір Ысмайылов 1941 жылы жазған Кенесары ханның портреті. Ол кезде Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы советтік тарихнамада патшалық отарлауға қарсы, прогрессивтік мақсаттағы көтеріліс ретінде сипатталған. Сонымен бірге, көрмеде Кенесары ханның совет кезеңінен кейін салынған тағы екі суреті бар.](https://gdb.rferl.org/5af574c9-38d8-47c6-b313-17e2f795949a_cx0_cy6_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
12
«Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне совет дәуіріндегі кейбір жұмыстар қойылған. Солардың бірі – Әубәкір Ысмайылов 1941 жылы жазған Кенесары ханның портреті. Ол кезде Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы советтік тарихнамада патшалық отарлауға қарсы, прогрессивтік мақсаттағы көтеріліс ретінде сипатталған. Сонымен бірге, көрмеде Кенесары ханның совет кезеңінен кейін салынған тағы екі суреті бар.
![Суретші Талғат Тілеужанов «Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне қойылған өзінің «Қоштасу» картинасының алдында тұр.](https://gdb.rferl.org/eab36fa9-5d30-436c-b13a-5c116f69d852_w1024_q10_s.jpg)
13
Суретші Талғат Тілеужанов «Ұлы дала жаңғырығы» көрмесіне қойылған өзінің «Қоштасу» картинасының алдында тұр.