Accessibility links

Дания азаматтық дрондар ұшыруға уақытша тыйым салды


FPV дрон. Көрнекі сурет.
FPV дрон. Көрнекі сурет.

Дания билігі осы аптадан бастап ел аумағында азаматтық мақсаттағы дрондарды ұшыруға уақытша шектеу енгізді. Бұл шара Копенгагенде өтетін Еуропа одағы саммитінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, саммит кезінде барынша мықты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шектеу дүйсенбіден бастап жұмаға дейін күшінде болады.

Бұл шешім 22 қыркүйектен бері Дания аумағында бірнеше рет белгісіз дрондар байқалып, солардың кесірінен, Копенгагенді қоса алғанда бірнеше қалада әуежайды уақытша жабуға тура келгеннен соң қабылданды. Билік әлгі дрондарға шетелдің қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтып, Ресейге меңзеді. Алайда Мәскеу ондай айыптауларды жоқ шығарады.

Көлік министрі Томас Даниэльсеннің айтуынша, шектеу заңды дрондар мен қауіпті дрондарды ажыратуда қиындық туғызбайды. Оның сөзінше, бұл шара саммитке қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін нығайтуға септеседі. Ережені бұзған азаматтар айыппұл арқалап, тіпті екі жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әділет министрі Петер Хуммельгор да бұл шара қазір олар жоғары дайындық режиміндегі полиция мен арнайы қызметтер жұмысын жеңілдететінін айтты. Оның сөзінше, жаңа шектеулер азаматтық дрондарды тексеруге артық уақыт жұмсаудан үнемдейді. Полиция дерегінше, қыркүйек айының аяғында тұрғындардан дрондар жайлы 500-ден астам хабар түскен, олардың басым көпшілігі құқық қорғау органдары үшін маңызды болмаған.

XS
SM
MD
LG