Жексенбі күні Бразилия парламентінің төменгі палатасы ел президенті Дилма Русефке импичмент жариялауды қолдап дауыс берді. Президентті Бразилияның ірі мұнай компаниясынан шетелге ақша шығарған және 2014 жылы сайлау кезінде ел бюджетінің дефицитін жасырған деп айыптайды. Президентті биліктен кетіруге азаматтар қалай қарайды?
Бразилиядағы импичмент

1
Депутаттар президентке импичмент (биліктен кетіру тетігінің бірі - ред.) жариялауды қолдап дауыс берген 17 сәуір күні кешке Бразилияның ірі қалаларында мыңдаған адамдар көшеге шықты.
Суретте: Дилма Русефті биліктен кетіруді қолдап көшеге шыққан Сан-Паулу тұрғындары.
Суретте: Дилма Русефті биліктен кетіруді қолдап көшеге шыққан Сан-Паулу тұрғындары.

2
Депутаттардың үштен екісі (367 адам) Дилма Русефті биліктен кетіруді қолдап дауыс берген.

3
Түрлі сауалнамалар қорытындыларына қарағанда, президентке импичмент жариялауды ел азаматтарының 60 пайызы қолдайды.
Суретте: Русеф отставкасын талап еткен шеру.
Суретте: Русеф отставкасын талап еткен шеру.

4
Русеф үкіметі мен биліктегі Еңбекшілер партиясы кейінгі жылдары мемлекеттік шығындарды көбейтіп, ел экономикасына қатысты протекционистік саясат жүргізді. Мұның кесірінен экономика проблемалары көбейді.
Суретте: Белу-Оризонти қаласындағы Русефті қолдаушылар.
Суретте: Белу-Оризонти қаласындағы Русефті қолдаушылар.

5
Қазір импичмент мәселесі Бразилия сенатына жолданды. Дауыс беру қорытындысы мамыр айының басында шығады.
Суретте: Русефтің биліктен кеткенін қалайтын Рио-де-Жанейро тұрғындары.
Суретте: Русефтің биліктен кеткенін қалайтын Рио-де-Жанейро тұрғындары.

6
Русефке импичмент жариялау туралы парламенттегі дауыс беру процесі Бразилия қалаларындағы алаңдарда тікелей эфирде көрсетілді. Оны көптеген шерушілер көрді.
Суретте: президенттің биліктен кеткенін қалайтын азаматтар.
Суретте: президенттің биліктен кеткенін қалайтын азаматтар.

7
Парламенттің төменгі палатасының президентке импичмент жариялағанына қуанып тұрған Сан-Паулу тұрғындары.

8
Русеф пен биліктегі Еңбекшілер партиясын жақтаушылар "парламенттің төменгі палатасы депутаттары демократияға қарсы дауыс берді" деп санайды.

9
Дилма Русефтің өзі бәсекелестерін "төңкеріс жасау мақсатында астыртын сөз байласты" деп айыптайды.

10
Дегенмен оған биліктен кетуге тура келетін сияқты.
ПІКІРЛЕР