Accessibility links

Берлинде 50 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Радикал топ жауакершілікті мойнына алды


Кабелі өртенген электр станциясының қасында жүрген полиция. Германия, Берлин, 3 қаңтар, 2026 жыл.
Кабелі өртенген электр станциясының қасында жүрген полиция. Германия, Берлин, 3 қаңтар, 2026 жыл.

Берлиндегі электр станциясында кабельдер қасақана өртеліп, салдарынан қаланың бірнеше ауданында 50 мыңға жуық үй мен 2200-ден астам кәсіпорын жарықсыз қалды. Бұл оқиғаға жауапкершілікті "Вулкан" атты солшыл радикал топ өз мойнына алып, полицияға хат жолдаған деп хабарлады Tagesspiegel. Басылым бұл топ анархистік бағытта деп жазды.

Газеттің дерегінше, мемлекеттік қауіпсіздік бөлімшесі әлгі хаттың шын екенін растаған.

"Газбен жұмыс істейтін электр станциясына жасалған шабуыл – Жер мен өмірді қорғап жүрген барша адаммен халықаралық ынтымақтастық және өзін-өзі қорғау актісі", – деп жазылған хатта.

Сенбі күні таңертең электр станциясында шыққан өрт салдарынан көптеген тұрғын үй жылусыз, жарықсыз қалған. 4 қаңтарда Stromnetz Berlin компаниясы электр станциясындағы құрал-жабдықтарды кезең-кезеңімен қалпына келтіріп, шамамен жеті мың үй мен 150 кәсіпорынға қайтадан жарық берілгенін мәлімдеді. Алайда зардап шеккен аудандардың басым бөлігінде жарық бейсенбіге қарай толық бұрынғы қалпына келеді деген болжам айтылып отыр.

"Вулкан" тобы 2011 жылы құрылған деп есептеледі және содан бері Берлин мен Бранденбург жеріндегі бірнеше қасақана өрт қою әрекеттері сонымен байланыстырады. 2021 және 2024 жылдары Грюнхайде қаласындағы Tesla зауытының электр желісіне екі рет шабуыл жасағандар да осы топтың мүшелері деп айтылады.

XS
SM
MD
LG