Өткен демалыс күндері Минскіде Беларусь қарулы күштерінің Ресей әскерилерімен "Батыс-2017" бірлескен әскери жаттығуын өткізуіне қарсылық акциясы өтті. Оған қатысушылар Ресейдің агерссиялық саясатына қарсы қарар қабылдады. Беларусь оппозициясының лидері, "Беларусь ұлттық конгресі" жетекшісі Николай Статкевич жақтастарын "Ашулы беларустар шеруі 2.0" акциясына шығуға шақырған. Азаттықтың Беларусь қызметінің фотогалереясы.