Accessibility links

Трамп елшісі Минскіге барды. Лукашенко 52 саяси тұтқынды босатты


Трамптың өкілі Джон Коул мен Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенко кездескен сәт. 11 қыркүйек 2025 жыл.
Трамптың өкілі Джон Коул мен Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенко кездескен сәт. 11 қыркүйек 2025 жыл.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогтың орынбасары Джон Коул Минскіге келіп, Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенкомен кездесті. Осы күні Беларусь түрмесінен 52 саяси тұтқын босағаны белгілі болды.

Ал АҚШ өкілі Лукашенкомен кездесуде Трамптың тапсырмасымен Вашингтон Беларусьтың "Белавиа" әуе компаниясынан санкцияны алып тастайтынын мәлімдеді. Коул санкцияны алып тастау шешімі күшіне енді дейді, бірақ шешім ресми түрде жарияланбады. АҚШ "Белавиа" компаниясына 2023 жылы санкция салған.

Минскідегі кездесуден соң Литва президенті Гитанаус Науседа "Беларусь түрмесінен шыққан 52 саяси тұтқын Литваға келді" деді. Түрмеден шыққандардың есімі әлі жарияланбады. Ал Науседа Трампқа алғыс айтты.

Бұл – Коулың Минскіге екінші келуі. Ол Лукашенкомен бірінші рет кездескен соң да бірнеше саяси тұтқын босап шыққан. Ал маусымда Минскіге Кит Келлог келіп, Беларусь билігі 14 адамды босатқан еді. Олардың арасында оппозиция лидері Сергей Тихановский болған.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде "Лукашенкомен жақсы әңгіме болғанын", "Беларусьтегі 1300 саяси тұтқынды босату туралы келіскенін" жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG