Әзербайжанда ақпанның 21-і Су күнін тойлады. Бұл күн - Наурыз мерекесіне дайындықтың басы. Наурыз - кейбір шығыс халықтарының Жаңа жылы.
Әзербайжандағы Су күні

1
Наурыз таяғанда Әзербайжанда жұрт табиғаттың төрт күшіне құрмет көрсетеді. 21 ақпан - Әзербайжанда Су күні.

2
Су күні от жағып, оттан секіру керек. Ырым бойынша, от пәле-жаланы жояды.

3
Оттан секірген жұрт үйлерінде, дастархан басында бұл оқиғаны атап өтеді.

4
Әзербайжандықтар бұл күні су тазарады деп сенеді. Жұрт босағасына, жұмыс орындарына су шашады.

5
Әзербайжандықтар Наурызға төрт апта қалғанда сәрсенбі сайын табиғаттың бір күшіне құрмет көрсетеді. Су күнін жұрт "су сәрсенбісі" атайды.

6
Ырым бойынша, алғашқы сәрсенбіде су тазарады. Өйткені, тау басындағы қар ери бастайды, тоқтау су ағын суға айналады. Су өмірдің нәрі, тазалықтың символы саналады. Бұл күні таң ата адамдар бұлақ не өзенге барып су алады, жуынады, бір-біріне су шашады.

7
"Су сәрсенбісінен" соң халық "от сәрсенбісін" тойлайды. Мұнан ары "топырақ сәрсенбісі" мен "соңғы сәрсенбі" болады.

8
Ырымға қарағанда, әлғашқы сәрсенбіде су тазарса, екінші сәрсенбіде от жаңарады, үшінші сәрсенбі топырақ "тіріледі", соңғы сәрсенбіде жел ағаш бүрлерін ашып, көктемді әкеледі.

9
Табиғаттың осы төрт күші дүниені жаңартып, Наурыз мерекесін хабарлайды.