Австрияда желтоқсанның 12-і күні газ құбырында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, кемінде 18 адам жарақат алған. Төтенше оқиға кезінде станцияда барлығы 50 адам жұмыс істеп жатқан. Австрия полициясының хабарламасында жарылыс пен өртке Баумгартен қаласы маңындағы газ тарату станциясындағы техникалық ақау себеп болғаны айтылған. Полиция Еуропаға табиғи газ жеткізетін негізгі орталық саналатын нысандағы жағдай бақылауға алынғаны туралы хабарлады.
Австрияның газ құбырындағы жарылыс

1
Баумгартендегі газ тарату станциясындағы өрт, Австрия.

2
Жарылыс болған жердегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар.

3
Баумгартендегі станция Орталық Еуропадағы табиғи газ тарататын маңызды орталық болып саналады.

4
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, төтенше оқиға салдарынан Австриядан Италия, Венгрия мен Словенияға газ жіберу тоқтап қалған.

5
Төтенше оқиға болған аймақты әуеден бақылап жүрген тікұшақ.
ПІКІРЛЕР