Accessibility links

Астанада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза болды


Ержан Бабақұмаров. Үкімет сайтынан алынған
Ержан Бабақұмаров. Үкімет сайтынан алынған

Астанада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза болды.

Ақпаратқа қарағанда, Бабақұмаров төбелес кезінде соққыға жығылып, қаза болған.

Астана полициясы Бабақұмаровтың төбелес кезінде қаза болғанын растады.

“Жанжал төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы ер адам жарақат алып, қаза болды. Адам өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды” деп хабарлады Астана полициясы.

Күдікті ұсталған. Уақытша қамау изоляторына жіберілген.

Ержан Бабақұмаров еңбек жолын 90-жылдары Алматы әкімдігі аппаратынан бастаған. Кейін президент әкімшілігіне ауысып, ақпараттық орталыққа жетекшілік еткен.

2006-2007 жылдары мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі болды.

Тоқаев президенттікке келгеннен кейін шамамен үш ай президенттің кеңесшісі болды. Ізінше Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, Қаңтарға дейін сол қызметте болды.

Қанды Қаңтардан кейін Бабақұмаров жұрт алдына шықпай кеткен.

XS
SM
MD
LG