1988 жылы 7 желтоқсанда Арменияда күшті жер сілкінісі болды. Бұрын Ленинакан, қазір Гюмри деп аталатын қалада болған табиғи апаттан 25 мыңнан астам адам көз жұмған, көп ғимарат қираған. Бұл оқиғадан бері отыз жыл өтсе де, Армения әлі күнге дейін жер сілкінісінің салдарын толық жоя алған жоқ.
Армениядағы күшті жер сілкінісі

1
Армениядағы Ереваннан кейінгі ең ірі қала - Гюмри. Совет кезінде Ленинакан деп аталды. Сурет 1986 жылы түсірілген.

2
Жер сілкінісі 1988 жылы 7 желтоқсанда таңертең болды. Жұмыс күні басталғандықтан көп адамдар жұмыс орнында немесе оқу орындарында болған. Жер теңселе бастаған кезде Гюмридегі сағат та тоқтап қалған.

3
Өлген баласын көтерген ер адам. 6,8 магнитудалық жер сілкінісі 20 секунд бойы жалғасқан. Шаң сейілген кезде адамдар жан-жағындағы ғимараттардың қирағанын көрген.

4
Совет кезінде салынған іргетасы нашар тұрғын үйлердің көбі жер сілкінісінен соң үйіндіге айналды

5
Құтқарушылар қираған ғимарат астында қалған адамдарды іздеп жатыр. 78 көпқабатты ғимараттың алтауы ғана аман қалған.

6
Көп ғимараттың іргетасы әлсіз болғандықтан жер сілкінісі кезінде оңай опырылып түскен

7
Совет одағының басшысы Михаил Горбачев Нью-Йоркке сапарын тоқтатып, шұғыл Арменияға жеткен.

8
Жылаған тұрғындар. Арменияға келген совет одағының басшысы Михаил Горбачев "бұған дейін көрген қасірет мұнда көрген қасіреттің мыңнан біріне де татымайды" деген.

9
Құтқарушылар мәйіттерді көтеріп барады. Совет одағында бұл тәрізді табиғи апат болған кезде ақпарат құралдары цензура салдарынан өте жұтаң ақпарат таратып келген. Бірақ бұл жолы Горбачевтің "ашық саясатының" арқасында Армениядағы табиғи апатты советтік медиа жан-жақты қамтыды.

10
Жақынынан айрылып, қайғырған ер адам. Ақпарат құралдарының көмегімен бүкіл ел тұрғын үйлердің көбінің нашар салынғанын білді.

11
Үйінділерді тазалап жатқан солдаттар. Михаил Горбачев бір сұхбатында "Бетон блоктарға аз цемент, көп құм қосылғаны үшін кімді кінәлау керек? Бұл цементтің ұрланғанын көрсетеді. Ал кім оны істеген?" деп айтқан.

12
Жер сілкінісінен Гюмри ғана емес, Арменияның тағы бір қаласы - Спитак та қирады. Көп адам үйінді астында қалды.

13
Үйінді астынан аман шыққан адам. Апаттан соң Арменияға гуманитарлық көмек ағылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері адамдар бірде-бір рет осылайша күш біріктіріп, апат салдарымен күресіп көрмеген.

14
Советтік Қырғызстаннан Арменияға гуманитарлық көмек ретінде жеткізілейін деп тұрған балық толы бөшкелер. Көмек Гюмри әуежайы арқылы жеткізілді. Арменияға баратын ұшақ рейстері де жиіледі.

15
Осындай қарбалас кезде 12 желтоқсанда советтік әскери ұшақ құлады. 78 адам қаза тапты. Көп ұзамай Ереван маңында да гуманитарлық көмек жеткізбек болған югославиялық ұшақ апатқа ұшырады. Жеті адам өлді.

16
Қыс түскен шақта шамамен 150 мың адам баспанасыз қалды. Бірнеше жылдан соң совет одағы құлады. Қалпына келтіру жұмыстары және көмек те тыйылды.

17
Тұтас Арменияны есеңгіретіп жіберген табиғи апаттың салдарын Гюмри тұрғындары әлі күнге дейін жоя алған жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары аракідік жүргізіледі. Жүздеген адам әлі күнге дейін өздері жасап алған үйшіктерде тұрады. Суреттегі "үй" қозғалғалмалы вагоннан жасалған.

18
Гюмридегі бұзылған ғимараттардың бірі. Сурет 2013 жылы түсірілген. Жер сілкінісінен соң қаладағы бірқатар кәсіпорындар қираған, қала халқының саны екі есеге кеміген. Жұмыс іздеген кейбір тұрғындар Ресейге барған. Олардың бірі 2013 жылы ақпарат құралдарына берген сұхбатында "Жұмыссыздық пен кедейлік жер сілкінісі қаупінен де қорқынышты" деп айтқан.
ПІКІРЛЕР