Accessibility links

Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі қайтыс болды, полиция суицид фактісі бойынша тергеуге кірісті


Еркін Далмағамбетов. Ақтөбе облысындағы Темір қаласы әкімдігі сайтындағы фото
Еркін Далмағамбетов. Ақтөбе облысындағы Темір қаласы әкімдігі сайтындағы фото

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов мезгілсіз қайтыс болды. Тергеу орындары шенеунік өзіне қол жұмсаған деген болжам айтып отыр.

"Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Болған жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр", – делінген ресми ақпаратта.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, 46 жастағы Еркін Далмағамбетов 20 желтоқсан күні кешке өз үйінен өлі табылған.

Ақтөбе облысы Темір қаласында туып-өскен Далмағамбетов университетті тәмамдағаннан кейін, 2001 жылдан бастап әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2024 жылғы 3 шілдеден бері ол Темір қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген.

XS
SM
MD
LG