Accessibility links

АҚШ-тың Мичиган штатындағы шіркеуде атыс болып, төрт адам қаза тапты


АҚШ Федералдық тергеу бюросы қызметкерлері атыс болған жерді зерттеп жүр. Гранд-Бланк, Мичиган штаты, 28 қыркүйек, 2025 жыл.
АҚШ Федералдық тергеу бюросы қызметкерлері атыс болған жерді зерттеп жүр. Гранд-Бланк, Мичиган штаты, 28 қыркүйек, 2025 жыл.

28 қыркүйек күні таңертең АҚШ-тың Мичиган штатында, Детройттан солтүстікке қарай шамамен 100 шақырым жердегі Гранд-Бланк қаласында Иса мәсіхтің Ақырғы күн әулиелері шіркеуінде (мормон шіркеуі) атыс болып, өрт шықты. Полицияның айтуынша, автоматпен қаруланған ер адам шіркеу есігін автокөлікпен бұзып кіріп қарудан оқ жаудырған. Кейін шіркеуге от қойған.

Кейінгі дерек бойынша, оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тоғыз адам жараланған, бірнешеуінің жағдайы өте ауыр деп хабарлады ақпарат құралдары. Шабуылға күдікті адамды – Мичиган штатының 40 жастағы тұрғынын оқиға орнында полиция атып өлтірген. Күдікті бұрын теңіз жаяу әскерінде қызмет атқарған деген ақпарат тарады.

"Бұл АҚШ-тағы христиандарға бағытталған тағы бір әдейі жасалған шабуыл сияқты. ... Еліміздегі бұл зорлық-зомбылық эпидемиясы дереу тоқтатылуы керек", – деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде. Ол қазір Федералдық тергеу бюросы осы оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатқанын айтты.


XS
SM
MD
LG