Accessibility links

АҚШ Сенаты шатдаунды доғаратын заң жобасын мақұлдады


Сенаттағы республикашылдардың жетекшісі Джон Тун шатдаунды тоқтатын заң жобасына дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап беріп тұр. Вашингтон, 10 қараша, 2025 жыл.
Сенаттағы республикашылдардың жетекшісі Джон Тун шатдаунды тоқтатын заң жобасына дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап беріп тұр. Вашингтон, 10 қараша, 2025 жыл.

Дүйсенбі, 10 қараша күні кешке АҚШ Сенаты федералдық үкіметті қаржыландыруды көздейтін заң жобасын қабылдады. Құжатты сәрсенбі күні Өкілдер палатасы мақұлдаса, осыдан 41 күн бұрын қаржыландыру тоқтап қалған мемлекеттік мекемелердің жұмысы қайта жандандбақ.

Заң жобасын қолдап дауыс берген 60 сенатордың қатарында сегіз демократ та бар. Демократтар мұндай шешім қабылдауға Республикалық партия басшылығының биыл желтоқсанда азаматтарды медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында мемлекет субсидия бөлуді ұзарту мәселесін дауысқа қоюға уәде берген соң келісті. Ол бағдарлама бұрын демократ Барак Обама президент болып тұрған кезде қабылданған еді.

Конгрестегі демократтар мен республикашылдардың бюджет жобасы бойынша келісе алмауы салдарынан үкімет жұмысын қаржыландыру тоқтап қалған (шатдаун) еді. Демократтар бюджет шығыс бөлігінде азаматтарды медициналық сақтандыру бағдарламасына мемлекеттен субсидия бөлуді ұзартуға арналған қаражат қарастыруды талап еткен еді. Ол субсидиялардың мерзімі биыл аяқталмақ. Егер олар қысқартылса, шамамен 20 миллион азаматтың медициналық сақтандыру төлемі күрт өседі деген болжам бар.

АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунның салдары халыққа үшін айқын сезіле бастады: табысы аз азаматтарға берілетін азық-түлік көмегі күрт қысқарып, көптеген мемлекеттік қызметкер жалақысыз қалды. Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқарма авиадиспетчерлер жетіспей жатқандықтан әуекомпанияларынан рейс санын қысқартуды талап етті.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп үкімет жұмысы жақын күндері қайта жанданады деп үміттенетінін айтты.

"Бізде жеткілікті мөлшерде демократтардың қолдауы бар, сондықтан елімізді қайта жандандырғалы отырмыз", – деп мәлімдеді Трампл CNN арнасына берген сұхбатында.

XS
SM
MD
LG