Accessibility links

Ақ үй одақтастар есебінен Украинаға қару-жарақ жеткізуді мақұлдады


Украина президенті Владимир Зеленский Пенсильваниядағы әскери зауытта. 22 қыркүйек 2024 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский Пенсильваниядағы әскери зауытта. 22 қыркүйек 2024 жыл.

Ақ үй Вашингтон мен Еуропадағы одақтастар келіскен жаңа схема бойынша Украинаға алғашқы қару-жарақ пакетін жіберуді мақұлдады, жақын арада ол Киевке жөнелтілуі мүмкін. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар екі дереккөзге сүйенген Reuters жазды.

Reuters-тің жазуынша, Пентагон жетекшісінің саясат бойынша орынбасары Элбридж Колби әрқайсысының құны 500 млн доллар болатын Priority Ukraine Requirements List механизмі (PURL) бойынша қару-жарақ жеткізуді мақұлдаған. Нақты қандай қару-жарақ жеткізілетіні белгісіз.

Америка қару-жарағын жаңа механизм бойынша жеткізу туралы келісім жөнінде шілде ортасында хабарланған. Тасымалдауды АҚШ-тан басқа НАТО елдері қаржыландырады. БАҚ-тың жазуынша, 500 млн долларлық пакет аясында басымдық беретін қару-жарақ түрлерін Украинаның өзі анықтайды, ал әскери одаққа мүше елдер төлемді кім мойнына алатынын өздері шешеді.

XS
SM
MD
LG