Accessibility links

Алматыда жер сілкінді


Google сервисінің жер сілкінісі жайлы ескертуі
Google сервисінің жер сілкінісі жайлы ескертуі

4 желтоқсанда сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінді. Қалада тұрғындардың телефонына ескерту келген, тұрғындар сәл кешігіп жеткенін жазды. Кейбір жерлерде халық сыртқа эвакуацияланған.

Төтенше жағдай министрлігі Алматыда үш балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады

“Эпицентр Алматының оңтүстік-шығысынан 277 шақырым жерде, 5 км тереңдікте орналасқан. Магнитудасы 6.7” деп жазылған төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында. Онда облыс аумағындағы елді мекендерде қанша балдық жер сілкінісі болғаны жазылған:

Алматы облысы Кеген ауданы - 3 балл
Райымбек ауданы - 3 балл
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы - 3 балл
Талғар ауданы Талғар қаласы - 3 балл
Ұйғыр ауданы - 3 балл
Қарасай ауданы - 3 балл
Іле ауданы - 2 балл
Жамбыл ауданы - 2 балл
Алатау (Жетіген) қаласы - 2 балл
Қонаев қаласы - 2 балл
Балқаш ауданы - 2 балл.

Алматы қаласында кейбір ғимараттардан халық эвакуацияланған. Жер сілкінісін көп қабатты тұрғын үйде тұратыд адамдар қаттырақ сезгенін айтты. Көбі сыртқа шығып кеткен.

XS
SM
MD
LG