Accessibility links

Алматыда тауда жоғалған қыз өлі күйінде табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда тауда жоғалған қыз өлі күйінде табылды. Алматы қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қыз бала сноуборд тебу үшін тауға кеткен.

Қыз баланың жоғалғаны жөнінде ақпарат полицияға 19 желтоқсанда түскен. Туысы оның сноуборд тебу үшін тауға кетіп, содан хабар үзілгенін айтқан.

"Төтенше жағдай министрлігінің аймақтық бөлімшелері, полиция қызметкерлері, министрліктің республикалық жедел-құтқару отряды және еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жетекшілігімен жедел штаб құрылды. 20 желтоқсанда сағат 13:04-те Бутаков сарқырамасы маңындағы іздеу-құтқару операциясы кезінде құтқарушылар Букреев шыңының маңында жоғалған әйелдің денесін тапты" деп жазылған хабарламада.

Туыстары 18 жастағы қыз баланың сол жолмен талай жүргенін айтқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тиісті сараптама жүргізілгеннен кейін мәйітті тану бойынша түпкілікті шара жүргізілетіні хабарланды.

Құтқару жұмысына 70-тен астам қызметкер қатысқан. 10 техника мен бес дрон, иіс сезгіш үш ит жұмылдырылған деп айтылады.

XS
SM
MD
LG