Accessibility links

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге алты аймақ қызметкерлері көмектесіп жатыр


Алматы облысында өртенген қоқыс полигоны. 16 қыркүйек 2025 жыл.
Алматы облысында өртенген қоқыс полигоны. 16 қыркүйек 2025 жыл.

Алматы облысында бірнеше күннен бері қоқыс полигонындағы өрт сөндіріліп жатыр.

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге алты аймақ: Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының өрт сөндірушілері жұмылдырылған. Бұған қоса, Қарағанды мен Семейдің әскери қызметкерлері де қатысып жатыр. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті сөндіру бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылған.

Ведомствоның хабарлауынша, өртті сөндіруді "өрт жүктемесі, 10 метр тереңдіктікте бықсып жану мен жел бағытының өзгеруі" қиындатып отыр.

Өртті сөндіруге барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған.

"Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізуде. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Алматы облысындағы қоқыс полигонының өртеніп жатқанына бүгін үш күн болды. Бұған дейін қала тұрғындары ысқа шағымданған.

XS
SM
MD
LG