Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімдіктің хабарламасын "Власть" жариялады.
"Өрт үлкен аумақты шарпығандықтан төтенше жағдайдың жариялануы барлық қажетті ресурстарды тез арада қолдануға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар тазалау жұмыстарын жеделдетуге бағытталған. Жағдай үздіксіз бақылауда. Тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ" деп хабарлады әкімдіктің өкілдері.
Қаланың баспасөз қызметі сонымен бірге өрттің себебін анықтау үшін арнайы тексеріс жүретінін хабарлады.
Алматы облысында қоқыс полигоны төрт күннен бері өртеніп жатыр. Қала тұрғындары ысқа шағымданған.
"Қазгидромет" бір күн бұрын 15-17 қыркүйек аралығында қаланың кейбір аумақтарында РМ-2,5 және азот диоксидінің шамадан тыс көбейгені тіркелгенін, осындай 15 жайт анықталғанын хабарлаған.
Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге алты аймақ сөндірушілері қатысып жатыр.