Прагадағы Вацлав Гавел атындағы халықаралық әуежайда азаматтық белсенділер Путин басқарған Ресейде саяси қайраткерлер мен журналистерді өлтіруге наразылық акциясын өткізді. Чех тілінде Marné čekání, яғни «Үмітсіз күту» деп аталатын бұл шара әуежайда ұшақтан түскен жолаушыларды қарсы алатын жерде өтті. Белсенділер соңғы жылдары Ресейде қастандық құрбаны болған адамдардың есімдері жазылған тақтайшаларды үнсіз ұстап тұрды.
Прагадағы «Үмітсіз күту» акциясы
![«Борис Немцов» деген жазу ұстаған белсенді Ресейден келген жолаушыларды қарсы алатын жерде тұр. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/c40ae563-24bd-4a21-aade-65676afb0162_cx11_cy7_cw70_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
«Борис Немцов» деген жазу ұстаған белсенді Ресейден келген жолаушыларды қарсы алатын жерде тұр. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.
![Ресей президенті Владимир Путинді халықаралық трибунал орналасқан Гаага қаласына «экстрадициялау» туралы «құжат» ұстап тұрған белсенді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/b797c2b3-7960-426d-81eb-70e139b51673_cx13_cy0_cw86_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Ресей президенті Владимир Путинді халықаралық трибунал орналасқан Гаага қаласына «экстрадициялау» туралы «құжат» ұстап тұрған белсенді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.
![Ресейде қастандықпен өлтірілген журналист Анна Политковскаяның аты-жөні жазылған тақтайша ұстап тұрған белсенді. Шешенстандағы соғыс кезінде адам құқықтарының бұзылғаны туралы жазған журналисті 2006 жылы қазанның 7-і күні Мәскеу орталығындағы үйіне кіре бергенде атып кеткен. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/3ed967c5-4b3d-4404-8785-61b0ecbd0b0a_cx5_cy0_cw90_w1024_q10_r1_s.jpg)
3
Ресейде қастандықпен өлтірілген журналист Анна Политковскаяның аты-жөні жазылған тақтайша ұстап тұрған белсенді. Шешенстандағы соғыс кезінде адам құқықтарының бұзылғаны туралы жазған журналисті 2006 жылы қазанның 7-і күні Мәскеу орталығындағы үйіне кіре бергенде атып кеткен. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.
![Белсендінің қолындағы жазу 2014 жылы шілденің 17-сі күні Украинаның шығысындағы Донецк облысында ресейшіл сепаратистер Малайзияның Boeing 777 жолаушылар ұшағын атып түсіргенін меңзейді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/285a7c2c-92b7-4daa-854a-89a912cb3397_cx14_cy0_cw86_w1024_q10_r1_s.jpg)
4
Белсендінің қолындағы жазу 2014 жылы шілденің 17-сі күні Украинаның шығысындағы Донецк облысында ресейшіл сепаратистер Малайзияның Boeing 777 жолаушылар ұшағын атып түсіргенін меңзейді. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.
![Белсенділер ешқандай саяси ұйымға жатпайтындарын, Ресейде жиі болатын саяси астармен кісі өлтіру оқиғаларына Прагаға жолаушылап келген ресейліктердің назарын аудартуды мақсат еткендерін айтады. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.](https://gdb.rferl.org/c2517b45-a2a8-48b4-bc1c-3a9d35435a2c_cx0_cy2_cw95_w1024_q10_r1_s.jpg)
5
Белсенділер ешқандай саяси ұйымға жатпайтындарын, Ресейде жиі болатын саяси астармен кісі өлтіру оқиғаларына Прагаға жолаушылап келген ресейліктердің назарын аудартуды мақсат еткендерін айтады. Прага, 2 сәуір 2015 жыл.